Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» талаптарын сақтау туралы

Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында 2016 жылдың 01 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) енгізілді.
Әдеп кодексінің талабымен әрбір мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда) Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізуін қарастырылған болатын.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл мен ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Ерик Мухамедканапиянович Татубаев.
Мемлекеттік кірістер органдарының әдеп талаптарын бұзу бойынша сұрақтар болған жағдайда әрбір азамат Әдеп жөніндегі уәкілке жүгінуге құқылы.
ШҚО бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерді және азаматтарды әр айдың ақырғы жұма күні сағат 15.00 ден 18.00-ге дейін келесі мекен-жайы бойынша қабылдауды жүргізеді: Өскемен қаласы Пермитин көшесі 27 үй, немесе жұмыс күндерінде төменгі көрсетілген телефонға звондауға болады 8/7232/24-04-12.
Әдеп кодексінің талаптарын сақтау үшін ШҚО бойынша МКД-да үнемі түрде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау бойынша тиісті шаралар атқарылады.
ШҚО бойынша МКД-да 2021 жылдың 10 айы бойынша Әдеп кодексін сақтау мен сыбайлас-жемқорлықты алдын-алу мақсатында 321 іс-шаралар жүргізілді, соның ішінде (семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ шығу):
семинар-жиналыстар – 142;
сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тақырыптарды шығару – 179;
ШҚО бойынша МКД-ның аумақтық және құрылымдық бөлімшілерге қолданыстағы заңнамаларды сақтау бойынша тақырыпта 5 хат жазылды.
2021 жылдың 10 айы бойынша профилактикалық жұмыстарды атқарған кезде ШҚО бойынша МКД-ның 150 мемлекеттік қызметкері сауалнамадан өтті.
ШҚО бойынша МКД-ның мемлекеттік қызметшілердің (салық, кеден, экспорттық бақылау жұмысшыларына) заңсыз әрекеттерін қарастыру бойынша сенім телефоны бар: 70-10-48.
Кез келген азамат ШҚО бойынша МКД-ның мемлекеттік қызметшілердің (салық, кеден, экспорттық бақылау жұмысшыларына) жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметінің сенім телефонына хабарласуға болады: 1424.
Сыбайлас-жемқорлықты алдын-алу шараларды жүргізген кезде:
«Antikor.Live» жобасы шеңберінде «Facebook» әлеуметтік желісінде тікелей эфирге ШҚО бойынша МКД мемлекеттік қызметкері қатысқан болатын;
ШҚО бойынша МКД-да Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасы Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшы орынбасарының қатысуымен «Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау туралы» атты тақырыпта жиналыс өткізілді;
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жазушы, публицист, қоғам қайраткер Жан Акжановпен кездесу өткізіліп, кездесуде Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы өзекті сұрақтары талқыланған болатын.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
басшысының орынбасары
ШҚО бойынша МКД
Әдеп жөніндегі уәкіл
Е.М. Татубаев