Кеден органдарының тауарларды сыныптау жөніндегі міндеттері мен функцияларына өзгерістер енгізу туралы

Кеден органдарының тауарларды сыныптау жөніндегі міндеттері мен функцияларына өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VI ҚРЗ Кодексінің 12-бабының 20-1) тармақшасына толықтырулар енгізілгенін Сіздердің назарларыңызға жеткізеді, оған сәйкес кеден органдарына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымы шеңберінде тауарларды жіктеу функциясы бекітіледі.

Осылайша, 2021 жылғы қаңтардан бастап мемлекеттік кірістер органдарына үшінші елдерден тауарларды әкелу кезінде де, ЕАЭО елдерінен тауарларды әкелу кезінде де жіктеуді  жүзеге асыру функциясы берілген.

Бүгінгі күні, ЕАЭО елдерінен тауарларды жіктеу ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің 2018 жылғы 31 шілдедегі № 353 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығынан босатудың және қосылған құн салығын төлеуді қолданудың заңдылығын қамтамасыз ету бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл тәртібіне (бұдан әрі – Тәртіп) сәйкес жүзеге асырылады.

Осы Тәртіптің қолданылу кезеңінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің тарифтік реттеу басқармасы 110 214 тауарды жіктеді (оның ішінде 2018 жылдың тамыз-желтоқсан айларында - 5 198 тауар, 2019 жылы – 30 095 тауар, 2020 жылы – 50 822 тауар, 2021 жылдың қаңтар – мамыр айларында-24 099 тауар).

 

ШҚО бойынша МКД ТРБ