«Cалықтардың, басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу»

Құрметті салық төлеушілер!
Мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі "Cалықтардың, басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу" қызметі болып табылады.
2021 жылғы қаңтар-сәуір кезеңінде 62 028 өтініш түсті, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 52 729, өсім 9 299 немесе 17,6% құрады.
Төлемдерді ауыстыру немесе қайтару қажеттілігі негізінен салық төлеушілер бюджетке салықтар мен төлемдерді төлеу кезінде төлем тапсырмасын мыналар дұрыс толтырылмаған, дұрыс көрсетілмеген кезде туындайды:
- бюджеттік сыныптама коды (БСК);
- төлемдерді тағайындау кодтары (салық, өсімпұл, айыппұл);
- мемлекеттік кірістер органының БСН.
Салықты қате төлеу өсімпұлды есептеуге әкеп соғады, яғни салық төлеушінің дербес шотында бересі пайда болады, оған күн сайын өсімпұл есептеледі. Бұл жағдайда салық төлеуші төлеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органына есепке жатқызуды/қайтаруды жүргізуге салықтық өтініш береді. Салықтық өтінішті толтыру тәртібі 2020 жылғы 1 шілдеде ШҚО бойынша МКД сайтында орналастырылған бейне-сабақта егжей-тегжейлі сипатталған.
Салық кодексінің 103-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қате сома хаттамасының негізінде салық төлеушінің өтінішінсіз есепке жатқызуды/қайтаруды жүргізуге құқылы. Маман төлемнің тиістілігін анықтау бойынша жұмыс жүргізеді және тиісті мемлекеттік кірістер басқармасына, тиісті БСК-ға төлемнің тағайындалуына сәйкес есеп жүргізеді.
Төленген мемлекеттік бажды қайтару кезінде қайтаруға негіз болып табылатын уәкілетті мемлекеттік органның құжатын қоса бере отырып, салықтық өтініш табыс етілетінін атап өткен жөн. Төлем туралы құжат талап етілмейді. Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды оны төлеу орны бойынша салық органы мемлекеттік баж сомасы есепке жатқызылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банк шотына жүргізеді. Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруға арналған құжаттар бюджетке мемлекеттік баждың осындай сомасы төленген күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін салық органына табыс етілуге тиіс.
Артық және қате төленген сомаларды есепке жатқызуға/қайтаруға арналған барлық салықтық өтініштер түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде орындалуға жатады. Қайтару салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.
Салықтық өтінішті Сіз "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, салық төлеушінің кабинеті, сондай-ақ ЭЦҚ болған жағдайда http://egov.kz арқылы бере аласыз.
Сондай-ақ, «е-Salyq Azamat» қосымшасын жүктеуге болады, онда ыңғайлы және қарапайым "артық төлемді басқару"қызметі жүзеге асырылады.
Сонымен бірге, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді салық төлеуші «е-Salyq Azamat» қосымшасы, Екінші деңгейдегі банктер, Қазпошта бөлімшелері арқылы және банктердің қосымшалары (Каспий банк, Халық банкі және т.б.) арқылы дербес жүргізетінін хабарлаймыз.
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты ШҚО бойынша МКД сайтында http://salykvko.gov.kz, сондай-ақ байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы толығырақ алуға болады.