Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау

Қазақстан Республикасы «Кедендік реттеу туралы» Кодексінің 52-бабына сәйкес, ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларға қатысты және кеден органдарымен ресімделуі жүргізілмеген, оларға кедендік баждардың, салықтардың төленбеуіне немесе тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталмауына алып келеді.
Сонымен, қатар кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осы тауарларды сатып алған тұлғалар анықталған жағдайда, тауарларға қатысты осындай тұлғалардың қалауы бойынша кедендік декларациялау жүзеге асырылуы мүмкін немесе осындай тауарларға қатысты уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзге де кедендік операциялар жасалуы және кедендік төлемдер, салықтар төленуі тиіс.
ШҚО бойынша «Өскемен -КРО» кеден бекеті