Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасау шеңберінде барлық өсімпұл сомасын есептен шығарамыз

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасау шеңберінде барлық өсімпұл сомасын есептен шығарамыз

ҚР ҚМ МКК ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

 Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасау шеңберінде

барлық өсімпұл сомасын есептен шығарамыз

 

Шығыс қазақстан облысы бойынша салықтық рақымшылық басталғанда  51 527 жеке тұлғаның 864 407 533 млн.теңге сома берешегі болған.

Ағымдағы жылдың 04 желтоқсанына 356 326 400 млн.теңге негізгі қарызды төлеуге байланысты 27 426 салық төлеуші бойынша 29 601 895 млн. теңге өсімпұл сомалары есептен шығарылды.

Жеке тұлғалардың өсімпұл сомасын есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Өсімпұлды есептен шығарудың басты шарты мүлік, жер салығы және көлік құралдарына салынатын салық бойынша негізгі борыш сомасын төлеу болып табылады.

Өсімпұл берешегінің сомасы төленген салық түрі бойынша есептен шығарылады.

Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл сомасы автоматты түрде есептен шығарылады. Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлдарды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылған.

Салықтар бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web өтіп, сондай-ақ eSalyq mobile (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.