Арнайы салық режимдерін және бизнесті жүргізу тәртібін түсіндіру

Жарық кеңсе бөлмесінде үстел басында бірнеше адам отыр. Екі адам үстелдің бір жағында, ал қалғандары қарсы жағында орналасқан. Үстел үстінде құжаттар, папкалар және компьютер тұр. Адамдар сабырлы түрде әңгімелесіп отыр, жалпы жағдай іскерлік сипатта. Бөлмеде күн сәулесі түсіп тұрған терезе бар.

2025 жылғы 25 желтоқсанда Марқакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлердің қатысуымен семинар өткізді.

Іс-шара барысында қатысушыларға арнайы салық режимдері, олардың түрлері мен қолдану шарттары, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі, кассалық тәртіпті сақтау талаптары, сондай-ақ көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімдері түсіндірілді.

Семинар ашық диалог форматында өтті. Кәсіпкерлер салық заңнамасына қатысты өзекті сұрақтар бойынша толық түсіндірмелер алып, басқарма мамандарына сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.