Бизнес үшін жаңа құрал: контрагенттерді тексеру сервисі

Бизнеске арналған жаңа құрал – контрагенттерді тексеру сервисі. ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бизнес қауымдастығына серіктестер туралы ашық деректерді жылдам тексеруге мүмкіндік беретін жаңа сервисті ұсынады. Бұл құрал салықтық қауіптерді алдын ала бағалап, қауіпсіз және ашық әріптестік құруға көмектеседі.

МКК бұрынғы салық төлеушілерді категоризациялау жүйесінің орнына икемді салықтық тәуекелдер талдауын енгізуде. Талдау салық түрлері, салалар, өңірлер және компания топтары бойынша жүргізіледі.

Бизнеске арналған жаңа сервис — «Контрагенттер туралы мәліметтер».
Бұл құрал серіктесті жедел тексеруге мүмкіндік береді. Ашық мәліметтер бойынша:

* салық салу режимі
* ҚҚС бойынша тіркеу
* төленген салықтар
* қызметкерлер саны
* салықтық жүктеме коэффициенті
* басшылар мен құрылтайшылар туралы ақпарат
* ЭШФ бойынша шектеулердің немесе сенімсіз ұйымдар тізіміне енгізудің болуы

Қолдану үшін МКК порталына өтіңіз portal.kgd.gov.kz, БСН/ЖСН енгізіңіз — ақпарат дайын.

Сервис бизнес ұсыныстарына сай кезең-кезеңімен жаңартылып, жетілдіріліп отырады.

Бұл — ашық әрі қауіпсіз іскерлік қарым-қатынастарға қадам.