Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдері, тауарлар мен көлік құралдардың есебін жүргізу, есептілікті ұсыну тәсілі, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматы, оларды толтыру тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1.Осы Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдері, тауарлар мен көлік құралдардың есебін жүргізу, есептілікті ұсыну тәсілі, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматы, оларды толтыру тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 2-тармағына, 167-бабының 5) және 6) тармақшаларына, 494-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 500-бабының 3) тармақшасына, 507-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 514-бабы 1-тармағының                          5) тармақшасына, 521-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 528-бабы                     1-тармағының 5) тармақшасына, 541-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы, сондай-ақ жасалған кедендік операциялар туралы есептілікті мемлекеттік кірістер органына кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, уәкілетті экономикалық операторлар мен шетелдік тауарларды, сондай-ақ  еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын тұлғалар ұсынатын жағдайларда есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну тәсілін, электронды құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін айқындайды.

Дата публикации
05 ноября 2020