Алкогольдік өнімдерді лицензиялау

AӨ көтерме және бөлшек саудасы да лицензиялауға жатады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар бойынша аумақтық органдары лицензиат болып табылады.

Лицензия беру жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін мемлекеттік қызмет болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: Электрондық

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

Лицензия беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен бекітілген «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен реттеледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде лицензиялық алым алынады:

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төленген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) мөлшеріне сүйене отырып белгіленеді және мыналарды құрайды:

1) лицензия беру кезінде:

астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда көтерме саудада – 200 АЕК, бөлшек саудада – 100 АЕК;

аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарда – 70 АЕК;

ауылдық жерлерде – 30 АЕК;

2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Лицензияны алғаннан кейінгі жылдан бастап алымды төлеу міндеттемесі туындайды

Тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

Төлем мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткішке еселенген мөлшерде айқындалады.

ҚР СК 558-бабының 1-тармағына сәйкес төлемақы төлеушілер жыл сайын салық салынатын объектінің орналасқан жері бойынша төлем сомасын ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) лицензияны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – көрсетілген өтініш тіркелген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей; 2) лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) лицензия алу үшін:

- электронды құжат түріндегі өтініш

- ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

 - жалдау немесе өтеусіз пайдалану шартының электрондық көшірмесі – егер бұл шарттар бір жылдан аз мерзімге жасалған болса;

- коммуникациялардың (сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және су бұру) болуы туралы ақпарат нысаны - осы қызметтерді көрсетуге арналған шарттардың болуы (нөмірі мен күні), бақылау-кассалық машинаның болуы - тіркеуді растайтын құжаттың нөмірі мен күні (бақылау-кассалық машинаның тіркеу картасы);

2) лицензияны қайта ресімдеу:

- электронды құжат түріндегі өтініш;

- лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi, ЭҮПШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда;

-мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы мәліметтерді қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер:

1) көрсетілетін қызметті алушылардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

2) лицензиялық алым төленбеген;

3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

4) лицензиар тиісті үйлестіруші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау талаптарына сәйкессіздігі туралы жауап алған;

5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;

6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға – борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салады;

7) өтiнiш берушi лицензия алу үшiн ұсынған құжаттар және/немесе оларда қамтылған деректер (мәлiметтер) дәйексіз деп танылса. лицензия

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензия, қайта ресімделген лицензия; 2) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Сондай-ақ лицензия беру кезінде АӨ-ны көтерме саудада өткізуге мынадай біліктілік талаптары (Біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бұйрығы) сақталуы тиіс:

Біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, денешынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан тысқары және аумақтарында орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, сондай-ақ басқа лицензиатқа берілмеген тек қана алкогольдік өнімді сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған қойма үй-жайлар

Қоймада сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз жүйелері

Мәлімделген қоймада алкоголь өнімдерін сақтауды және көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын екі немесе одан да көп лицензиаттардың болуы немесе болмауы туралы мәліметтер

Мәліметтерді жазу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары

AӨ бөлшек саудасы үшін:

Біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, денешынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан тысқары және аумақтарында орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, тұрақты тұруға қарағанда өзге мақсатқа пайдалануға арналған стационарлық үй-жайлар

Стационарлық ғимаратта сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз жүйелері

Мәліметтерді жазу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары

Дата публикации
17 апреля 2025