ҚР Салық кодексінің 554-бабының 4-ші тармағына сәйкес алкоголь өнімін сақтауға және сатуға лицензия беру үшін келесі лицензиялық алымдар белгіленеді:
- алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада сату - 200 АЕК (2023 жылы 1АЕК=3450 теңге, алымның мөлшерлемесі 200х3450=690000 теңгені құрайды);
- алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату қызметін жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін:
- астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2023 жылы 100х3450=345000 теңгені құрайды);
- аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде – 70 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2023 жылы 70х3450=245000 теңгені құрайды);
- ауылдық елді мекендерде – 30 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2023 жылы 30х3450=103500 теңгені құрайды).
Лицензияларды қайта рәсімдегені үшін, лицензиялық алымның мөлшері, лицензия берген кездегі мөлшерлемеден 10 % болып белгіленді:
- алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада сату - 20 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2022 жылы 20х3450=69000 теңгені құрайды);
- алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату, қызметін жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін:
- астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 10 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2023 жылы 10х3450=34500 теңгені құрайды);
- аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде – 7 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2023 жылы 7х3450=24150 теңгені құрайды);
- ауылдық елді мекендерде – 3 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2023 жылы 3х3450=10350 теңгені құрайды).
Лицензиялық алымның сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және төлеушінің тұрған жері бойынша 105402 БЖК-ға төленеді.
Лицензияны рәсімдеу немесе оны қайта рәсімдеу кезінде лицензиялық алымның сомасын мөлшерлеменің белгіленген мөлшері шегінде қатаң түрде төлеу керек.
Лицензиялық алымның сомасы артық төленген кезде, ҚР Салық кодексінің 101-ші бабына сәйкес салық төлеуші салықтың басқа түрлеріне есепке жатқызу туралы немесе қайтаруға өтініш жасайды.
ҚР Салық кодексінің 557-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы белгіленеді:
- алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада сату - 200 АЕК (2023 жылы 1АЕК=3450 теңге, төлемақының мөлшерлемесі 200х3450=690000 теңгені құрайды);
- алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату қызметін жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін:
- астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында – 100 АЕК (төлемақының мөлшерлемесі 2023 жылы 100х3450=345000 теңгені құрайды);
- басқа да қалалар мен кенттерде – 60 АЕК (төлемақының мөлшерлемесі 2023 жылы 60х3450=207000 теңгені құрайды);
- ауылдық елді мекендерде – 20 АЕК (төлемақының мөлшерлемесі 2023 жылы 20х3450=69000 теңгені құрайды).
Төлемақы сомалары салық салынатын объектінің орналасқан жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын 105434 БЖК-ға төленеді.