Жалпыға бірдей декларациялау

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі – бұл көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін бақылаудың тиімді жүйесі. Жалпыға бірдей декларацияны енгізудің мақсаты – бюджетке қосымша кірістерді қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында жалпыға бірдей декларациялауды енгізу төрт кезеңге бөлінген.

Ағымдағы жылы декларациялаудың екінші кезеңі басталады, табыс ету міндеттемесі мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне және олардың жұбайларына, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне және олардың жұбайларына қолданылады.

Мемлекеттік мекемелер – Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет құратын мекемелер, бұл білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б.

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен аффилиирленген өзге де заңды тұлғалар жатады.

Анықтама үшін, 2023 жылы 2-кезеңде жалпыға бірдей декларациялауға жататын тұлғалардың саны 54642 жеке тұлға құрайтынын атап өткім келеді.

24.03.2023ж. Декларация тапсыру міндеті бар 54 642 адамның 31 251 адам немесе 57,2 пайызы есеп берді.

Үшінші кезеңде 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары декларация тапсыруға міндетті.

Соңғы, 4-кезеңде, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны барлық қалған санаттағы тұлғалар тапсырады.

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне енудің бірінші жылында осы санаттағы тұлғалардың барлығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен 250.00-нысанға сәйкес активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыруға міндетті.

Декларацияның негізгі бөлімдерінде шетелде тіркелген мүлік, көлік құралдары, жалпы сомасы 1000 АЕК-тен асатын шетел банктеріндегі шоттардағы қаражат; эмитенттері Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар; Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі.

Декларацияны тапсырудың ыңғайлы және оңай тәсілдерінің бірі – e-SalyqAzamat мобильді қосымшасы (ЭЦК қажет емес, авторизация SMS арқылы жүзеге асырылады).

ШҚО бойынша тіркелген e-SalyqAzamat қосымшаларының жалпы саны 155 250 бірлікті құрайды.

250.00 нысандағы декларация тұрғылықты (тұру) жері бойынша ұсынылады:

1) қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда, декларацияны табыс ету жөніндегі міндет туындаған ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей;

2) электрондық нысанда ұсынған жағдайда – декларацияны табыс ету міндеті туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей.

 

Толтыру тәртібі туралы сұрақтарыңыз болса, олармен біздің kgd.gov.kz ресми сайтында немесе «1414» сенім телефоны арқылы таныса аласыз.

Дата публикации
28 марта 2023