«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166 - бабының 1 - тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi. Ақшалай есеп айырысулар - қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып, есеп айырысу арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар түсініледі. Өз кезегінде, БКМ қолданған кезде БКМ чегін немесе тауар, жұмыс, қызмет үшін төленген сомаға тауар чегін беру жүзеге асырылады. Онлайн - БКМ – бұл салық органдарына деректерді онлайн - беру мүмкіндігі бар бақылау-кассалық машина. Кассалық аппарат ақшалай есептеулерде қолданылады. Егер сіз, мысалы, өнімді немесе қызметті сатып алсаңыз, онда кассалық машинаның міндеті сатып алу - сату мәмілесін тіркеу және растау - кассалық чегін беру.
Онлайн - БКМ енгізу: - фискалдық деректер операторының функциялары бәсекелестік ортаға берілді;
- МКК АЖ фискалдық деректер операторларымен біріктіру аяқталды; - онлайн - БКМ есепке қою / есептен шығару қызметі автоматтандырылды;
- ERP және Pos терминалмен онлайн - БКМ біріктіру ҮИЖ компоненті болып табылады.