ҚР Салық кодексінің 554-бабының 4-ші тармағына сәйкес алкоголь өнімін сақтауға және сатуға лицензия беру үшін келесі лицензиялық алымдар белгіленеді:
- алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада сату - 200 АЕК (2020 жылы 1АЕК=2778 теңге, алымның мөлшерлемесі 200х2778=555600 теңгені құрайды);
- алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату қызметін жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін:
- астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2020 жылы 100х2778=277800 теңгені құрайды);
- аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде – 70 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2020 жылы 70х2778=194460 теңгені құрайды);
- ауылдық елді мекендерде – 30 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2020 жылы 30х2778=83340 теңгені құрайды).
Лицензияларды қайта рәсімдегені үшін, лицензиялық алымның мөлшері, лицензия берген кездегі мөлшерлемеден 10 % болып белгіленді:
- алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада сату - 20 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2020 жылы 20х2778=55560 теңгені құрайды);
- алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату, қызметін жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін:
- астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 10 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2020 жылы 10х2778=27780 теңгені құрайды);
- аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде – 7 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2020 жылы 7х2778=19446 теңгені құрайды);
- ауылдық елді мекендерде – 3 АЕК (алымның мөлшерлемесі 2020 жылы 3х2778=8334 теңгені құрайды).
Лицензиялық алымның сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және төлеушінің тұрған жері бойынша 105402 БЖК-ға төленеді.
Лицензияны рәсімдеу немесе оны қайта рәсімдеу кезінде лицензиялық алымның сомасын мөлшерлеменің белгіленген мөлшері шегінде қатаң түрде төлеу керек.
Лицензиялық алымның сомасы артық төленген кезде, ҚР Салық кодексінің 101-ші бабына сәйкес салық төлеуші салықтың басқа түрлеріне есепке жатқызу туралы немесе қайтаруға өтініш жасайды.