Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы (2026ж.07.06. дейін уақытша, негізгі кызметшінің бала күту жөніндегі демалыс кезеңіне)
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Солтүстік Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Функционалды міндеттер
Бөлімнің құзыретіне кіретін кәсіпкерлік субъектілеріне салықтық тексерулерді ұйымдастыруды және жүргізуді, әкімшілік материалдар жасауды жүзеге асырады, бюджетке жанама салықтардың түсуін бақылауды және әкімшілендіруді жүзеге асыру бойынша, сондай-ақ тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, Кеден одағында қызметтер көрсету кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы Келісім шеңберінде жұмыс жүргізеді. Салық төлеушінің нақты орналасқан жерін немесе жоқтығын растау үшін салықтық тексерулер жүргізеді, Кеден одағы шеңберінде өткізілетін тауарларды декларациялау, жанама салықтарды төлеу, камералдық бақылау хабарламаларын ұсыну бойынша талдау жүргізеді. Есептер мен бақылау тапсырмаларын орындайды, акциздік посттың жұмысын ұйымдастырады, акциздік посттарда кезекшілік жүргізеді. Салық салу саласында жасалған құқық бұзушылықтар үшін "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер қозғайды (АП туралы хаттама жасайды; істің қаралатын орны мен уақыты туралы ұйғарымдар жасайды; әкімшілік жаза қолдану не істі сотқа қарау үшін ведомстволық бағыныстылығы бойынша беру туралы қаулылар дайындайды). Істі қарау үшін сотқа берген кезде сот отырысына қатысады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, Қазақстан Республикасында қолданылатын әртүрлі заңдар мен кодекстерді ескере отырып жауаптар дайындайды. А блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.almenova@kgd.gov.kz
- 15.04.2025
- Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 56
-
8(7152) 50-00-51, 46-45-07