ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛҒАННАН КЕЙІНГІ ТАБЫСТАР: САЛЫҚТАР МЕН МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?

ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛҒАННАН КЕЙІНГІ ТАБЫСТАР: САЛЫҚТАР МЕН МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?

Еңбек шартының тоқтатылуы бұрынғы еңбек қатынастарына байланысты бұрынғы қызметкерге төленетін табыстардан салықтар мен міндетті төлемдерді есептеу міндетінен жұмыс берушіні босатпайды.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 372-бабының 1-тармағына сәйкес, қызметкердің салық салуға жататын табыстарына жұмыс берушіден алынған немесе алынуға жататын еңбекақы түріндегі табыстар және өзге де материалдық пайда жатады.

Аталған баптың 3-тармағына сәйкес, қызметкер жұмыстан босатылғаннан кейін де, егер төлемдер бұрынғы еңбек қатынастарына байланысты туындаған негіздер бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылса, олар қызметкердің табыстарына жатады.

Мұндай табыстардан қандай салықтар мен міндетті төлемдер есептеледі?

🔹 Жеке табыс салығы (ЖТС) — Салық кодексінің 362–363-баптарына сәйкес, қолданылуға жататын салықтық шегерімдерді ескере отырып есептеледі.

🔹 Әлеуметтік салық — Салық кодексінің 556–557-баптарына сәйкес есептеледі.

🔹 Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) және әлеуметтік аударымдар — Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген тәртіппен есептеледі.

Осылайша, еңбек қатынастарына байланысты негіздер бойынша жұмыстан босатылғаннан кейін төленетін табыстар әрбір салық пен міндетті төлемді есептеу ерекшеліктері ескеріле отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.

#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок
#законипорядок
#заңментәртіп

Қызмет бағыты