Салық есептілігінің нысанын тапсыру мерзімі туралы
Көру саны:1
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, салық төлеушілерге 2026 жылдың III тоқсаны үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны (200.00 нысаны) уақтылы тапсыру қажеттігін еске салады.
Декларацияны тапсыру мерзімі — 2026 жылғы 15 қарашадан кешіктірмей.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 445-бабының 1-тармағына сәйкес декларацияны салық агенттері, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу міндеті жүктелген тұлғалар тоқсан сайын ұсынады.
2026 жылы 200.00 нысаны бойынша декларацияны тапсыру міндеті салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын салық төлеушілерге ғана емес, арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің жекелеген санаттарына да қатысты.
Атап айтқанда, декларацияны мынадай салық төлеушілер тапсыруға міндетті:
* салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;
* салық агентінің міндеттемелері болған жағдайда, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;
* тиісті арнаулы салық режимін қолданатын және осы нысанды тапсыру бойынша міндеттемелері бар шаруа немесе фермер қожалықтары.
Декларацияда салық заңнамасының талаптарына сәйкес жеке тұлғалардың табыстарынан есептелген жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және әлеуметтік төлемдер туралы мәліметтер көрсетіледі.
Назар аударыңыз: 200.00 нысаны бойынша декларацияны тапсыру міндеті тиісті салық міндеттемелерінің болуына қарай айқындалады. Атап айтқанда, жалдамалы жұмыскерлері және салық салуға жататын, төлем көзінен салық салынатын өзге де жеке тұлғаларға төленетін төлемдері жоқ оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлерде 200.00 нысанын тапсыру міндеті туындамайды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді салық есептілігін соңғы күнге қалдырмай, өз міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырады.