«Ірі салық төлеушілер кеңсесін» құру туралы
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің штат саны мен аумақтық органдарының құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №1228 бұйрығына сәйкес Солтүстік қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде штат саны 4 бірлік ірі салық төлеушілер басқармасы құрылды: 1 басқарма басшысы, 3 бас маман.
Басқарманың негізгі функциясы тексеру актілері бойынша және салықтық мониторинг нәтижелері бойынша салықтардың, бюджетке төленетін міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету болып табылады