Меню

Страницы

Статья

Азаматтық бақылау-Чекті талап ет " акциясы

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті БКМ фискалдық чектерін бермеу немесе Төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілерін анықтау бойынша "Азаматтық бақылау – Чекті талап ет" акциясының қайта басталғаны туралы хабарлайды..

Салық кодексінің 166-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы трериториясында барлық ақшалай есеп айырысулар міндетті түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргізіледі .

БКМ чегін бермеу кірістерді жасыруға, тиесілі салықтар мен бюджетке төлемдерді төлемеуге әкеледі, бұл сайып келгенде көлеңкелі экономиканың көлемін ұлғайтуға әкеледі.

БКМ чегін бермеу немесе БКМ тауар немесе қызмет үшін төленген сомадан көп немесе аз сомаға беру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

 

"Азаматтық бақылау-Чекті талап ет" акциясына кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштерді Мемлекеттік кірістер органдары қарайтын болады.

Фискалдық чекті бермеу немесе Төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен "WIPON CASHBACK" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (ЖТС шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады.

Кәсіпкер туралы мәліметтерді сәйкестендіру үшін сатып алушы кәсіпкердің кассалық аймағында орналасқан QR-кодтан алынған ақпаратты есептей алады.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыстың барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге, заңды бұзуға нөлдік төзімділік танытуға және "Азаматтық бақылау – Чекті талап ет"акциясына белсенді қатысуға шақырады.

 

 

Дата публикации
15 февраля 2022
Дата обновления
15 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

Информация
14 сентября 2026
АЛГОРИТМ ПОДАЧИ / РАССМОТРЕНИЯ ОБРАЩЕНИЙ И ОБЖАЛОВАНИЯ РЕШЕНИЙ
Статистика
15 июня 2026
ИСПОЛНЕНИЕ ПЛАНА ПО ИТОГАМ 8 МЕСЯЦЕВ 2026 г. (10.09.2026)
Направления
15 июня 2026
Камеральный контроль: важные аспекты для налогоплательщиков

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы