«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс

 

                   Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

 

С-R-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; 

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.  

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-4

95245

128834

 

І.  Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы  (С-R-4 санаты),  1 бірлік.

Функционалды міндеттері: орталықтандырылған тапсырмаларды орындау, басқару жүйесінде заңды реттеуді жетілдіру, арбитражды сотта және басқа да құқық органдарында басқарманың құқығын қорғау, талап арыздарға, туындаған сұрақтарға нақты жауаптар дайындау, салық заңнамаларына және нормативтік-құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша техникалық оқу сабақтарын өткізуді қамтамасыз ету, салық төлеушілерге салық заңнамаларын түсіндіру және кеңес беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заң талаптарын сақтау және қызметтік тәртіп бұзушылықты болдырмау іс-шараларын жүргізу, басқарманың іс-жоспары бойынша хаттамаларын жүргізуді және тіркеуді қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; құқық мамандықтары бойынша.

 

Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейінгі келесі күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

 

Ішкі конкурсқа қатысу  үшін мынадай  құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы №14 бұйрығымен бекітілген тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

          Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

          Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

          Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жарилаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не (zh.kantarbaeva@kgd.gov.kz) электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі, 68, Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өтеді.

         Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.  

         Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

 

Құжаттарды қабылдау Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ. 160021, Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 68 үй, 203 каб., байланыс телефоны 8 (7252) 36-70-99,  факс 8(7252) 36-71-83, электрондық мекен-жайы:  zh.kantarbaeva@kgd.gov.kz  жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы 

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________
(мемлекеттік орган)  

ӨТІНІШ

       Мені__________________________________________________________________

______________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

______________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

         «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

          Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

          Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналасуға келісім беремін _______________________________________

                                                                                             (ия/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

 

Қоса берілген құжаттар:

 ____________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы: ______________________________________________________
__________________________________________________________________

Байланыс телефоны:  _______________________________________________

e-mail: ___________________________________________________________

ЖСН: ____________________________________________________________

__________                                         ____________________________________
(қолы)                                                             (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

                                                                       «____»_______________ 2021 ж.

Дата публикации
20 апреля 2021