Бақылау және қадағалау органдары есебінің бірыңғай күні
Павлодарда бірыңғай есеп күнін өткізді, оның негізгі мақсаты бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау, олар бойынша сындарлы шешімдер әзірлеу, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Іс-шараға Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің, бизнес-қоғамдастықтың, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, бақылау және қадағалау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
– Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" бизнестің сапалы дамуы мен жауапты мінез-құлқын ынталандыратын тұрақты салық саясатының қажеттілігі көрсетілген. Қазіргі уақытта жаңа Салық кодексін әзірлеу бойынша жұмыс жалғасуда, онда салық төлеушілерге деген сенім негізінде салықтық әкімшілендіру бөлімін толық жаңарту жоспарлануда. Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық және кедендік бақылауды жүргізе отырып, болашақта тексерулер санын қысқартуға мүмкіндік беретін бизнестің жауапкершілігіне үміттенеді, – деп атап өтті аудит басқармасының басшысы Мұрат Жұмабеков.
Мемлекеттік органдардың өкілдері бизнес қойған барлық сұрақтарға жауап берді, өз кезегінде бизнес, мұндай іс-шараларды жиі өткізуге ниет білдірді.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы