Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2021 жылдың 1 тоқсанында жасалған жұмыс қортындысы туралы қысқаша баяндама
2021 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік бюджетке жоспар 1 670 517 мың тенгені кұрады, мемлекеттік бюджетке нақты түсім 1 227 461 мың теңге кірістелді, яғни жоспар 73,5 пайызға орындалды. Оның ішінде Республикалық бюджет жоспары 22 422 мың теңге, Республикалық бюджетке нақты түсім 86 817 мың теңге кірістеліп, жоспар 387,2 пайызды құрады. Жергілікті бюджет жоспары 1 648 095 мың теңге, жергілікті бюджетке нақты түсім 1 140 644мың теңге кірістелді, жоспар 69,2 пайызды құрады.
2021 жылдың 1 тоқсанында барлығы 195 жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде кәсіпкерлігінің басталғаны жөнінде хабарлама берді. Сонымен қатар, 3 айда барлығы 295 салық төлеуші электронды түрде бақылау-кассалық машинасын тіркетті. 1 тоқсан қорытындысымен 125 дара кәсіпкер қызметін тоқтатты.
Сонымен қатар, 1 тоқсан қорытындысымен Басқармамен барлығы 28 222 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілді.
2021 жылдың 1тоқсанында камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы құрылған хабарламалар және қосымша резервтер табу мақсатында жүргізілген жұмыстар қорытындысы
Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бюджетке қосымша резервтер табу мақсатында камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 56 928 087 тенгеге барлығы қосымша бюджетке есептеліп, оның ішінде 34 826 704 тенге қосымша бюджетке өндірілді.
Жергілікті бюджет бойынша барлығы 5 231 845 тенге, оның ішінде
Корпоративтік салығы бойынша қосымша бюджетке кірістелді- 3 030 115 тенге
Төлем көзінен салық салынатын жеке табыс салығы қосымша – 766 571 тенге
Табыс салығы бойынша қосымша бюджетке кірістелді- 820 500 тенге
Әлеуметтік салығы бойынша қосымша бюджетке кірістелді – 324 375 тенге
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша қосымша – 290 284 тенге
Республикалық бюджет бойынша барлығы 29 594 859 тенге, оның ішінде
Қосылған құн салығы бойынша қосымша бюджетке кірістелді – 28 893 999 тенге
ЕАЭО мемлекеттер аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС – 700 860 тенге
31.03.2021 жылы жағдай бойынша салық берешектері – 49 991,0 мың теңгені (31.12.2020 жылғы жағдай бойынша салық берешектері – 453 157,0 мың теңгені) құрады немесе 31.12.2020 жылмен салыстырғанда берешектер сомасы 403 166,0 мың теңгеге азайды.
Бюджетке қосымша кіріс табу мақсатында, Бейнеу ауданы бойынша көлік құралы салығы бойынша бет есепшелерге түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2018 жыл үшін 120 көлік құралына 946 213 тг сомасына қосымша салық есептеу жүргізілді. Оның 73 көлік құралы үшін 755 418 тг салық берешегі жойылып, бюджетке қосымша кірістелді.
Бейнеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен 2021 жылдың 1 тоқсанында барлығы 228 қаулы қаралған. Мемлекеттік кірістер басқармасымен 221 қаулы бойынша «ескерту» жазасы қолданылды, 6 қаулы бойынша жалпы сомасы 298 992,5 теңгеге айыппұл салынды. Оның ішінде 4 қаулы бойынша салынған 211 482,5 теңге айыппұл бюджетке толықтай өндірілді, 2 қаулы бойынша жалпы сомасы 87 510,0 теңгенің төлеу мерзімі келген жоқ. 1 қаулы бойынша құжаттары жинақталып, Бейнеу аудандық сотына жолданды.