«ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ» АЖ

Сипаттамасы

Тәуекелдерді басқару жүйесі (бұдан әрі-ТБЖ) тәуекелдерді бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және оның алдын алу мақсатында салық органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды.

Мемлекетке залал келтіруі мүмкін және (немесе) мүмкін салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы тәуекел болып табылады.

ТБЖ қолдану мақсаттары::

1) назарды тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

2) салық салу саласындағы бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді ұлғайту;

3) қызметі бойынша тәуекелдің төмен дәрежесі айқындалған салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты салықтық бақылауды барынша азайту.