Онлайн-БКМ
Сипаттамасы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі.
Көрсетілген ереже ақшалай есеп айырысуларға қолданылмайды:
1) жеке тұлғалар;
2) адвокаттар мен медиаторлар;
3) уәкілетті органмен келісім бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттер бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігінде;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің; ;
5) қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерге қолданылмайды;
6) Екінші деңгейдегі банктер.
7) тармақшада көрсетілген тұлғалар ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.
Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.