Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасын (БКМ) қолдану мәселесі салықтық есепке алудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында БКМ қолдану міндетті болатын жағдайлар, сондай-ақ БКМ қолданудан босатылатын жекелеген тұлғалар санаттары белгіленген.
Негізгі ережелерді 110 және 111-баптар бойынша қарастырайық.
🔹 БКМ ҚОЛДАНУ КІМГЕ МІНДЕТТІ?
Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысу кезінде, егер заңнамада өзгеше көзделмесе, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолдану міндетті.
Бұл ретте БКМ моделі кассалық машиналар тізіліміне енгізілуі тиіс.
Яғни кәсіпкерге кассалық аппаратты сатып алу ғана жеткіліксіз. Таңдалған модельдің белгіленген талаптарға сәйкес келетінін және тиісті тізілімге енгізілгенін тексеру қажет.
🔹 БКМ ҚОЛДАНУДАН КІМ БОСАТЫЛАДЫ?
БКМ қолданудан, атап айтқанда, мыналар босатылады:
✅ жеке тұлғалар;
✅ жеке сот орындаушылары;
✅ адвокаттар;
✅ кәсіби медиаторлар;
✅ билет бере отырып, халыққа қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау қызметтерін көрсететін тұлғалар;
✅ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
✅ екінші деңгейдегі банктер;
✅ діни бірлестіктер;
✅ Ұлттық пошта операторы — жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда;
✅ арнайы мобильді қосымша арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғалар.
📌 Бұл ретте БКМ қолданудан босату заңнамада тікелей көзделген жағдайларда және белгіленген талаптарға сәйкес қолданылады.
🔹 ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ЖЕЛІСІ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА
Жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісінің болмауы БКМ қолданудан автоматты түрде босатуды білдірмейді.
Егер салық төлеуші осындай желі жоқ жерде қызметін жүзеге асырса, ақшалай есеп айырысу кезінде деректерді беру функциясы жоқ БКМ қолданылады.
🔹 САУДА АВТОМАТТАРЫ МЕН ТӨЛЕМ ТЕРМИНАЛДАРЫ
Қолма-қол ақшамен сауда операцияларын немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын сауда автоматтары мен қызметтерді төлеу терминалдары да деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-мен жабдықталуы тиіс.
🔹 БКМ ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
БКМ қолдану кезінде мына талаптарды сақтау қажет:
1️⃣ Ақшалай есеп айырысуға байланысты қызметті бастамас бұрын БКМ-ны салық органында есепке қою;
2️⃣ өткізілген тауар, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беру;
3️⃣ салық органдарының лауазымды адамдарына БКМ-ға қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Демек, БКМ қолдану тек кассалық аппараттың болуымен шектелмейді. Оны тіркеу және пайдалану тәртібін де сақтау қажет.
🔹 БКМ ҚОЛДАНУ НЕНІ ҚАМТИДЫ?
БКМ қолдану:
📍 БКМ моделін кассалық машиналар тізіліміне енгізуді;
📍 БКМ-ны салық органында есепке қоюды;
📍 кассалық чек мазмұнына қойылатын талаптарды сақтауды;
📍 БКМ тіркеу карточкасындағы мәліметтерді өзгертуді;
📍 белгіленген жағдайларда БКМ-ны салық органында есептен шығаруды;
📍 тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды, сақтауды және оларды салық органдарына беруді қамтиды.
БКМ қолдану тәртібі мен кассалық чектің мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
🔹 БКМ ҚАНДАЙ БОЛУЫ ТИІС?
Пайдаланылатын жері бойынша салық органдарында техникалық жарамды БКМ есепке қойылады.
БКМ-ны есепке қою, тіркеу карточкасындағы мәліметтерді өзгерту және есептен шығару:
➡️ деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ бойынша — фискалдық деректер операторынан алынған мәліметтер негізінде;
➡️ деректерді беру функциясы жоқ БКМ бойынша — БКМ-ны салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.
🔹 БКМ ҚАЙ КЕЗДЕ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРЫЛАДЫ?
БКМ мына жағдайларда есептен шығарылады:
❌ ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызметті тоқтату;
❌ салық төлеушінің таратылуы, қайта ұйымдастырылуы немесе қызметін тоқтатуы;
❌ БКМ-ның техникалық ақауына байланысты оны одан әрі пайдалану мүмкін болмауы;
❌ БКМ моделінің кассалық машиналар тізілімінен шығарылуы;
❌ техникалық жарамды ККМ моделін жаңа модельге ауыстыру;
❌ БКМ-ның ұрлануы немесе жоғалуы — заңнамада көзделген растайтын құжаттар болған жағдайда.
🔹 ФИСКАЛДЫҚ ДЕРЕКТЕР ОПЕРАТОРЫ
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар ККМ үшін фискалдық деректер операторы (ФДО) маңызды рөл атқарады.
Заңнамада:
✔️ фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптары;
✔️ ФДО тізбесіне енгізу және одан шығару тәртібі;
✔️ фискалдық деректер операторларының тізбесі белгіленеді.
🔹 ҮШ КОМПОНЕНТТІК ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ЖҮЙЕ
Заңнамада сондай-ақ үш компоненттік интеграцияланған жүйеге қатысты талаптар қарастырылған.
Мұндай жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар, сондай-ақ оны орнату және қолдану тәртібі белгіленеді.
📌 КӘСІПКЕР НЕНІ ЕСТЕ САҚТАУЫ КЕРЕК?
Егер сіздің қызметіңіз ақшалай есеп айырысуды қабылдауға байланысты болса, алдын ала:
✔️ БКМ қолдану міндеті бар-жоғын;
✔️ БКМ қолданудан босататын негіздердің бар-жоғын;
✔️ таңдалған БКМ моделінің белгіленген талаптарға сәйкестігін;
✔️ БКМ моделінің кассалық машиналар тізіліміне енгізілгенін;
✔️ БКМ-ның есепке қойылғанын;
✔️ чектердің дұрыс рәсімделіп, беріліп жатқанын;
✔️ кассалық чектің мазмұнына қойылатын талаптардың сақталуын;
✔️ тіркеу мәліметтеріне өзгерістер енгізу қажеттілігін;
✔️ БКМ-ны пайдалану тоқтатылған жағдайда оны есептен шығару қажеттілігін анықтау қажет.
⚠️ Маңызды: БКМ қолдану — жай ғана техникалық мәселе емес. Бұл салық заңнамасының талаптарын сақтаудың бір бөлігі. Сондықтан кәсіпкер үшін кассамен жұмысты ең басынан дұрыс ұйымдастыру маңызды.
Егер сіз кәсіпкер болсаңыз және БКМ қолдану қажет пе, қандай модельді таңдау керек және кассалық чекті қалай дұрыс рәсімдеу қажет деген сұрақтарға күмәніңіз болса, заңнама талаптарын алдын ала тексеріп, кассалық тәртіптің белгіленген талаптарға сәйкес келетініне көз жеткізуді ұсынамыз.
📢Департамент государственных доходов по Карагандинской области напоминает о порядке включения налогоплательщиков в реестр бездействующих налогоплательщиков, предусмотренном статьей 108 Налогового кодекса Республики Казахстан.
📌 Кто включается в реестр?
В реестр включаются налогоплательщики, которые самостоятельно не представляли налоговую отчетность в течение 12 месяцев после представления последней налоговой отчетности.
Данное положение распространяется на:
🔹 юридические лица - резиденты;
🔹 юридические лица -нерезиденты, осуществляющие деятельность в Казахстане через постоянное учреждение или структурное подразделение;
🔹 индивидуальных предпринимателей.
❗️ Исключение составляют налогоплательщики, приостановившие представление налоговой отчетности в соответствии с Налоговым кодексом.
📅 Когда формируется реестр?
Ежегодно, не позднее 30 апреля, налоговый орган принимает решение о включении налогоплательщиков в реестр. Реестр размещается на интернет-ресурсе уполномоченного органа не позднее даты принятия соответствующего решения.
🔄 Как исключиться из реестра?
Исключение производится при представлении дополнительной налоговой отчетности за налоговый период, по которой налоговая отчетность автоматически признана представленной с нулевыми показателями.
Решение об исключении принимается налоговым органом не позднее трех рабочих дней, следующих за днем представления дополнительной налоговой отчетности. Обновленный реестр размещается на интернет-ресурсе уполномоченного органа не позднее даты принятия такого решения.
Также налогоплательщики исключаются из реестра бездействующих налогоплательщиков при исключении из реестров номеров или снятии индивидуального предпринимателя с регистрационного учета.
⚠️ Департамент рекомендует налогоплательщикам своевременно представлять налоговую отчетность и следить за актуальностью своего регистрационного статуса.
Соблюдение требований налогового законодательства позволит избежать возникновения вопросов, связанных с включением в реестр бездействующих налогоплательщиков.
Бүгін Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының аудиторы, салық кеңесшісі @tylekbaeva_tatiana Тюлекбаева Т.В. бірлесіп Zoom-конференция өткізді.
💼 Кездесудің негізгі тақырыптары - 2026 жылы камералық бақылау, хабарламалар не үшін келеді және не істеу керек. Салықтық тексерулер, кәсіпкердің құқықтары мен міндеттері, өзекті сұрақтар-жауаптар.
💬 Конференция барысында қатысушыларға тақырып бойынша өзекті ақпарат ұсынылып, кәсіпкерлерді қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар мен түсіндірмелер берілді.
🎙️ Іс-шараның спикері👨💼Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы З.К. Жойкимбекова;
🤝 Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасында ашық диалог орнатуға, сондай-ақ салық заңнамасындағы өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы уақтылы ақпарат беруге ықпал етеді.
📜 Республикалық референдумда қабылданып, күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын жаңғыртудың берік негізін қалады.
Негізгі заңдағы жаңарулардың қаржы-экономикалық сала, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметі үшін де маңызы зор.
Жаңа Конституция азаматтар, бизнес және мемлекет арасындағы мүдделер теңгерімін жаңа деңгейде айқындап, салықтық және кедендік әкімшілендіруді сервистік қызмет көрсету мен өзара серіктестік қағидаттарына негіздеуге бағыт береді.
🔹 1. Конституциялық міндет және қоғамдық келісім
Жаңа Конституцияда заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдар мен өзге де міндетті төлемдерді төлеу әрбір адамның міндеті екендігі сақталған.
💰 Салықтық тәртіп – мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға қосылған тікелей үлес. Салық түсімдері білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың негізі болып табылады.
🔹 2. Жеке меншікті және кәсіпкерлік еркіндігін қорғау
🤝 Жаңа Конституция жеке меншікке, кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне және адал бәсекелестікке кепілдіктерді күшейтеді.
Осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдарының басты бағыттарының бірі – бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені одан әрі төмендету, цифрлық экожүйелерді дамыту және заңды кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуға жол бермеу.
💻 Виртуалды қойма, тауарларды қадағалау, тәуекелдерді автоматтандырылған басқару жүйелері сияқты цифрлық құралдарды енгізу салықтық және кедендік әкімшілендіруді тиімді әрі ашық етуге мүмкіндік береді.
🔹 3. Цифрлық құқықтар және деректердің қауіпсіздігі
🔐 Конституциялық деңгейде азаматтар мен бизнестің дербес деректерін және цифрлық коммуникацияларын қорғауға ерекше мән беріледі.
Мемлекеттік кірістер органдары салық құпиясының сақталуын, электрондық дерекқорлардың қауіпсіздігін және салық төлеушілермен цифрлық өзара іс-қимыл арналарының қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
🔹 4. Көлеңкелі экономикамен күрес – ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы
🛡️ Қаржылық егемендікті қорғау, капиталдың заңсыз әкетілуіне, контрабандаға және көлеңкелі айналымға қарсы іс-қимыл – мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі.
Мемлекеттік кірістер органдары адал кәсіпкерлер үшін тең және әділ бәсекелестік жағдайларын қалыптастыру, сондай-ақ заңсыз схемалардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.
Жаңа Конституция – Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңнің негізі.
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті үшін бұл – барынша ашықтықты қамтамасыз ету, салық төлеушілердің құқықтарын мүлтіксіз сақтау және мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған нақты бағдар.
⚖️ Заң мен тәртіп – әрбір азаматтың әл-ауқаты мен елдің экономикалық тұрақтылығының берік негізі!
Қарағанды облысы бойынша МКД Қазақстан Республикасының аудиторы, салық кеңесшісі @tylekbaeva_tatiana Тюлекбаева Татьяна Валентиновнамен бірлескен Zoom-конференцияға қатысуға шақырады.
📃Тақырыбы: "2026 жылы камералық бақылау: хабарламалар не үшін келеді және не істеу керек. Салықтық тексерулер: кәсіпкердің құқықтары мен міндеттері, сонымен қатар өзекті сұрақтар-жауаптар".
⏰Уақыты: 16.10.2026ж. сағат 15:00
Zoom конференцияға қосылу үшін
https://us06web.zoom.us/j/88050433570?pwd=f7asZqHqxGfm3M9GujMVNfanQ4zcvZ.1
Конференция идентификаторы: 880 5043 3570
Кіру коды: 279699
📌 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Цифрлық гигиена: интернет-алаяқтардың құрбаны болмау жолдары» және «Лудомания» тақырыптарында семинар-кеңес өткізілді.
👮♂️ Спикерлер ретінде Қарағанды облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері қатысты:
🔹 Кайракбаев А.М. — полиция подполковнигі, басқарма бастығының міндетін атқарушы;
🔹 Зияда Д.Ғ. — полиция капитаны, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл.
💻 Қатысушыларға интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, жеке деректер мен қаржыны қорғау жолдары, сондай-ақ ойынға тәуелділіктің салдары түсіндірілді.
⚠️ Қырағы болыңыз! SMS-кодтарды және банк картасының деректерін бөгде адамдарға бермеңіз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және оңай табыс туралы уәделерге сенбеңіз.
🤝 Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыруға және интернет-алаяқтық пен лудоманияның алдын алуға бағытталған.
🔐 Өзіңізді және жеке деректеріңізді қорғаңыз!
💐 Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменттің бас маманы Чжао Лариса Тинлаоны 60 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
Лариса Тинлао еңбек жолын 1994 жылы Ленин ауданы бойынша салық инспекциясынан бастап, бүгінгі күнге дейін мемлекеттік кірістер органдарында абыройлы қызмет атқарып келеді. Осы жылдар ішінде ол мол кәсіби тәжірибе жинақтап, өз ісіне деген жауапкершілігімен, біліктілігімен және қызметіне адалдығымен ерекшеленіп келеді.
Сіздің көпжылдық еңбегіңіз, кәсіби шеберлігіңіз бен қызметтік міндеттеріңізге деген жауапкершілігіңіз зор құрметке лайық. Мемлекеттік кірістер органдарының дамуына қосып келе жатқан үлесіңіз үшін Сізге шынайы алғысымызды білдіреміз!
🌷 Осы айтулы күні Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық, бақ-береке және мол қуаныш тілейміз! Әр күніңіз шаттыққа толы болып, шаңырағыңыздан береке мен бірлік арылмасын. Әрдайым жақындарыңыздың қамқорлығы мен құрметіне бөленіп, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!
Құрметпен,
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
Қарағанды облысы бойынша МКД мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Құлумбаева Әлия Байдаулетқызының 70 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! 💐
Әлия Байдаулетқызы өмірінің 20 жылдан астам уақытын мемлекеттік кірістер органдарындағы қызметке арнап, ел игілігі жолында абыройлы еңбек етті. Оның кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі мен адал еңбегі — кейінгі ұрпаққа үлгі, ал мемлекеттік қызметке қосқан үлесі зор құрметке лайық.
Осындай айтулы мерейтойда Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық, жан тыныштығы мен мол бақыт тілейміз! Әр күніңіз қуанышқа, шаңырағыңыз шаттыққа толып, жақындарыңыздың құрметі мен ықыласына бөлене беріңіз!
🌷 Мерейтойыңыз құтты болсын! Сізге әрдайым амандық, бақ-береке және ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз! 💐
Құрметпен, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
📦 Тауарлардың кедендік құнын бақылау: тексеру қашан жүргізіледі?
Тауарлардың кедендік құны кедендік баждар, салықтар және басқа да міндетті төлемдерді есептеу үшін негіз болып табылады. Сондықтан оның дұрыстығын тексеру кедендік бақылаудың маңызды бағыттарының бірі саналады.
🔎 Бақылау қалай жүзеге асырылады?
Кедендік құн бойынша құжаттар мен мәліметтерді тексеру әрбір тауарларға арналған декларация бойынша жүргізілмейді. Кеден органдары қосымша тексеруді қажет ететін тауар жеткізілімдерін анықтау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) қолданады.
⚠️ Қандай жағдайларда тексеру тағайындалуы мүмкін?
Тексеруге мынадай мән-жайлар негіз болуы мүмкін:
▪️ ұсынылған құжаттар арасындағы сәйкессіздіктер;
▪️ мәлімделген құнның бірдей немесе біртекті тауарлардың құнынан едәуір ауытқуы;
▪️ кедендік құнның жекелеген құрамдас бөліктерін растайтын құжаттардың болмауы;
▪️ тасымалдау, сақтандыру шығындарын, лицензиялық төлемдерді және кедендік құнға енгізілуге тиіс өзге де шығыстарды дұрыс есепке алмау.
✅ Қандай жағдайларда тексеру жүргізілмеуі мүмкін?
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында кедендік әкімшілендіруді жеңілдету тетігі көзделген.
Бұрын ұқсас жеткізілім бойынша кеден органы әкелінетін тауарлармен жасалған мәміленің құны әдісімен (1-әдіс) айқындалған кедендік құнның дұрыстығын растаған жағдайда, сол сыртқы сауда шарты бойынша әкелінетін бірдей тауарларға қатысты тексеру жүргізілмеуі мүмкін.
Бұл үшін төмендегі талаптар бір мезгілде сақталуы қажет:
🔹 тауарлар бұрынғы жеткізіліммен бірдей сыртқы сауда шарты бойынша әкелінуі;
🔹 кедендік құнды айқындаудың 1-әдісі қолданылуы;
🔹 мәміленің тауар бағасы, жеткізу талаптары және есеп айырысу тәртібі сияқты кедендік құнға әсер ететін елеулі талаптары өзгермеуі;
🔹 кедендік құнның мөлшеріне әсер ететін немесе мәлімделген мәліметтердің дұрыстығына күмән келтіретін жаңа мән-жайлардың болмауы;
🔹 тауарларға арналған декларацияда кедендік құны бұрын расталған жеткізілім туралы мәліметтердің көрсетілуі.
📌 Маңызды!
Тексерудің жүргізілмеуі автоматты түрде кепілдік берілмейді. Егер тәуекелдерді басқару жүйесі ықтимал бұзушылық белгілерін анықтаса немесе мәлімделген мәліметтердің дұрыстығына күмән туындаса, кеден органы тексеру жүргізуге құқылы.
🤝 Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға, адал сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға және тәуекел факторлары болмаған жағдайда тауарларды кедендік рәсімдеуді жеделдетуге мүмкіндік береді.
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі — ЕАЭО) шеңберінде тауарларды уақытша әкелу және әкету кезінде хабарламаны ұсыну тәртібі туралы хабарлайды.
📌 Уақытша әкелу және әкету дегеніміз не?
ЕАЭО шеңберінде уақытша әкелу/әкету — бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында тауарларды шектеулі мерзімге кедендік баждар мен салықтарды төлемей, кейіннен олардың қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпестен кері әкету немесе қайтару міндеттемесімен өткізу көзделетін кедендік рәсім.
⚖️ Хабарламаны кім ұсынуға міндетті?
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 514-бабында көзделген ережелерді іске асыру мақсатында салық төлеуші ЕАЭО шеңберінде тауарларды уақытша әкелу немесе әкету кезінде мемлекеттік кірістер органдарына хабарлауға міндетті.
📝 Хабарлама қандай нысан бойынша ұсынылады?
Тауарларды әкелу және әкету туралы хабарлама 016.00 нысаны бойынша ұсынылады.
Осы хабарлама нысаны мынадай мақсаттарға қол жеткізу үшін енгізілген:
🔹 тауарлардың өткізілуінің ашықтығын арттыру және олардың қозғалысын бақылауды күшейту;
🔹 ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу және әкету кезінде көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;
🔹 салық төлеушілердің хабарламаны ұсыну нысаны мен мерзімдеріне қойылатын белгіленген талаптарды сақтауын қамтамасыз ету.
💻 Хабарлама қалай және қайда ұсынылады?
Салық төлеуші хабарламаны белгіленген нысан бойынша электрондық түрде өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
⏰ Хабарламаны қандай мерзімде ұсыну қажет?
Хабарламаны ұсыну мерзімі 20 жұмыс күнін құрайды:
📍 Тауарларды әкелу кезінде — тауарлар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген күннен бастап.
📍 Тауарларды әкету кезінде — тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкетілген күннен бастап.
❗️ Салық төлеушілердің назарына!
ЕАЭО шеңберінде тауарларды уақытша әкелу немесе әкету кезінде 016.00 нысаны бойынша хабарламаны белгіленген тәртіп пен мерзімдерді сақтай отырып, уақтылы ұсыну қажет.
Салық заңнамасының талаптарын сақтау тауарлар қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың туындау тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді.
📌 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді салықтық міндеттемелерін орындауға жауапкершілікпен қарауға және заңнамада көзделген есептілік пен хабарламаларды уақтылы ұсынуға шақырады.