🔷Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Д.Б.Әділхановтың іс-сапар аясында Мемлекеттік кірістер, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекеттік аудит комитеттерінің аймақтық департаменттерінің қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Атырау облысы бойынша МКД – Әдеп жөніндегі уәкіл – Б.Ө.Шанаев: Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Әдеп жөніндегі уәкілі Б.А.Алмұратқызы; Ішкі мемлекеттік аудит комитеттерінің аумақтық департаментінің басшысының м.а. Әдеп жөніндегі уәкіл – З.Ғ.Сапарова, Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу жөнінде атқарылған істер бойынша есеп берді.
. 🔸 ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі Д.Б.Әділханов: Қызметтік әдеп нормаларын сақтау және Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзудың алдын алу ережелерін еске салды. Және де қоғамда орын алып жатқан Лудомания туралы, адам өмірінде басым рөл ойнайтын әлеуметтік, кәсіби, материалдық тұрғыдан және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық құмар ойын екенінде айтып өтті. Екінші, Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керектігін, Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес, бұл туған халқының алдында айрықша жауапкершілік арқалау деген болатын. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайуға ұмтылуы тиіс.
**Сондай-ақ, сапар барысында ол 2 аумақтық департамент ғимараттарының жағдайымен, қызметкерлердің орналасқан жерімен танысты.
Аумақтық ұжымдардың моральдық-психологиялық жай-күйі ҚР Қаржы министрлігінің басшылығы мен Әдеп жөніндегі уәкілдің тұрақты бақылауында болады. Сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар мен ескертулер берілді.