Республика күні – еліміздің мемлекеттілігі мен егемендігінің бастауы болған, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын айшықтайтын ерекше мереке. Бұл күн – тәуелсіздігіміздің қадірін ұғынып, туған жерімізге деген сүйіспеншілігімізді арттыратын, ортақ мақсат жолында бірігетін маңызды күн.
Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері – халқымыздың еңбегі мен табандылығының, бірлігі мен болашаққа деген сенімінің жемісі. Бүгінде еліміздің өркендеуі, тұрақтылығы мен дамуы әрбір азаматтың жауапкершілігі мен Отанға деген адал қызметіне байланысты.
Көк туымыз әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыз гүлденіп, еліміздің мерейі үстем болсын! Елордамыз көркейіп, мемлекетіміздің болашағы жарқындай берсін!
Республика күні құтты болсын!
22 қазанда Астана қаласы бойынша МКД басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Азамат Нұрлыбеков Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы және ЕАЭО шеңберінде ҚҚС-ты әкімшілендіру басқармасының қызметкерлерімен кеңес өткізді.
Кеңестің тақырыбы: «Салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау».
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен қызметтік әдеп талаптарын сақтау, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол бермеу мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша қызметтік міндеттерді орындау кезінде де, қызметтен тыс уақытта да Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау, адалдық, бейтараптық және кәсіби әдеп қағидаттарын ұстану қажеттігі атап өтілді.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында Бизнеске қолдау көрсету және сүйемелдеу орталықтарының пилоттық жобасын іске асырылуда екенін хабарлайды.
Орталықтар дағдарыстық жағдайға тап болған шағын және орта бизнес субъектілеріне мәселелерін шешуге кешенді қолдау көрсетеді. Жұмыс «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылған: кәсіпкерлер мәселелерін анықтау, оны шешу жолдарын айқындау және тиісті мемлекеттік органдармен, қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша сүйемелдеу алады.
Орталықтардың алаңдарында мемлекеттік кірістер департаменттерінің аумақтық бөлімшелері мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері белгіленген кестеге сәйкес қабылдау жүргізеді.
Қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген өңірлердегі «Даму» қорының өңірлік филиалдарына жүгінуге болады.
Салық төлеуші паспортын алу бойынша қадамдық нұсқаулық
Қоғамдық тамақтану және сауда салаларында қызметін жүзеге асыратын салық төлеуші салық төлеуші паспортын бақылау-кассалық машиналар тікелей орналасқан жерлерде және халықты ақпараттандыру мақсатында көпшілікке қолжетімді орындарда орналастыруға міндетті.
Салықтар туралы толық ақпаратты Instagram парақшасынан біле аласыз: @astana_mkd_dgd_astana.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеңейтілген алқа отырысында 2026 жылдың 9 айдағы қызмет қорытындылары мен негізгі көрсеткіштердің орындалу нәтижелері қаралып, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған басым міндеттер айқындалды.
Департамент басшысы Серік Манзоров алқа отырысын ашып, бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақты орындалуын қамтамасыз ету, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру және салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың сервистік моделін жетілдіру мемлекеттік кірістер органдарының басым бағыттары болып қала беретінін атап өтті.
Департаменттің мәліметіне сәйкес 2026 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 2 трлн 760,7 млрд теңге түсті. Бұл жоспардың 100,8%-ға орындалуын қамтамасыз етті. Өткен жыл кезеңімен салыстырғанда түсімдер көлемі 667 млрд 200 млн теңгеге артты.
Түсімдердің ең жоғары өсімі келесі салық түрлері есебінен қамтамасыз етілді:
Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге салынатын қосылған құн салығы – 355 млрд 200 млн теңге;
мұнай секторындағы ұйы.
Банкроттық – сот шешімімен танылған, борышкерді тарату үшін негіз болып табылатын оның дәрменсіздігі.
Борышкер деп төлем қабілетсіздігі «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдануға негіз болып табылатын заңды тұлға танылады.
Заңды тұлғаның банкроттығы:
ерікті түрде – борышкердің сотқа берген өтініші негізінде;
мәжбүрлі түрде – кредиторлардың немесе Заңмен уәкілеттік берілген өзге тұлғалардың сотқа берген өтініші негізінде белгіленеді.
Кредитордың борышкерді банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз борышкердің төлем қабілетсіздігі болып табылады. Борышкердің өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі болмаған кезде оның төлем қабілетсіздігі болып табылады.
Банкрот деп танылғанға дейін борышкерге оңалту рәсімі, оның ішінде кредиторлармен сотқа дейінгі тәртіппен келісілген оңалту жоспары негізінде жеделдетілген оңалту рәсімі қолданылуы мүмкін.
Банкроттық рәсімін оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган тағайындайтын банкроттық басқарушы жүзеге асырады.
Кредиторлардың талаптары, оның ішінде бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша талаптар заңнамада белгіленген кезектілік тәртібімен қанағаттандырылады.
25 қазан — еліміздің тарихындағы маңызды дата, мемлекеттіліктің, бірліктің және өркендеуге деген ұмтылыстың символы.
Республика күні қарсаңында біз Қазақстанның тарихына, ұлттық құндылықтарына, жетістіктеріне және өз еңбегімен Отанымыздың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетеміз.
Еліміз дами берсін, бірлігіміз нығайып, Қазақстан жаңа жетістіктерге нық қадам баса берсін!
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық бақылау мақсатында жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы, сондай-ақ кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсынады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны сайланбалы лауазымдарға кандидаттар, сондай-ақ мемлекеттік және оларға теңестірілген лауазымдарға үміткерлер мен олардың жұбайлары (зайыптары тапсырады. Декларация заңнамада белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
Кірістер мен мүлік туралы декларацияны жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген тұлғалар, лауазымды адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) тапсырады.
Мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстар бойынша декларацияда заңнамада көзделген жағдайларда оны сатып алуға жұмсалған қаражат көздері көрсетіледі.
Декларацияларды ұсыну қаржылық ашықтықты қамтамасыз етуге және кірістер мен мүлікті бақылауға бағытталған.
Салық төлеушінің паспорты — бұл салық құпиясын қамтымайтын, кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпараты бар QR-код.
Салық төлеушінің паспортын орналастыру кәсіпкерлік қызметтің ашықтығын арттыруға, тұтынушылардың сенімін нығайтуға ықпал етеді және QR-кодты сканерлеу арқылы бизнес субъектісі туралы өзекті ақпаратты тез алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
QR-кодты алу жөніндегі нұсқаулық
«QR-код алу» батырмасын басыңыз
ЖСН/БСН мен телефон нөмірін толтырыңыз
Генерацияланған QR-кодты
жүктеп алып, басып шығарыңыз
Оны өз нүктеңізге,
ККМ орналасқан жерге орналастырыңыз.
«Салық төлеушінің паспорты» салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді қамтымайды және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Барлық ақпаратты QR-кодты сканерлеу арқылы алуға болады.