Артқа

Баедилов Канат Ескендирович

Басшы

Жалпы ақпарат, білімі

1967 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Алматы халық шаруашылығы институтын және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары мен мерейтойлық медальдары

  • 2001 жыл – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі;
  • 2005 жыл – «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі;
  • 2005 жыл – «Құрмет» ордені;
  • 2005 жыл – «Салық қызметінің үздігі» атағы;
  • 2009 жыл – Салық қызметінің 18 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Құрмет грамотасы;
  • 2011 жыл – «Қаржы қызметінің үздігі» атағы;
  • 2011 жыл – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі;
  • 2013 жыл – «Ерен еңбегі үшін» медалі (09.12.2013 ж.);
  • 2015 жыл – «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі;
  • 2019 жыл – «Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі;
  • 2020 жыл – «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі;
  • 2021 жыл – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 100 жылдығына арналған төсбелгі;
  • 2022 жыл – Қазақстан Республикасы полициясының 30 жылдығына арналған төсбелгі;
  • 2024 жыл – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 30 жылдығына арналған төсбелгі;
  • 2024 жыл – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған төсбелгі;
  • 2024 жылғы 16 қазан – «Парасат» ордені.

Мансап

Еңбек жолы

  • 1992–1998 жылдар – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аға бақылаушы-ревизоры, бас бақылаушы-ревизоры, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
  • 1998–1999 жылдар – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы.
  • 1999–2002 жылдар – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы.
  • 2002–2003 жылдар – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы.
  • 2003–2008 жылдар – Алматы қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының міндетін атқарушы, кейін төрағасы.
  • 2008–2009 жылдар – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2009–2013 жылдар – Астана қаласы бойынша Салық департаментінің бастығы.
  • 2013–2014 жылдар – Астана қаласы бойынша Салық департаментінің басшысы.
  • 2014–2017 жылдар – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы, Астана қаласы.
  • 2017–2021 жылдар – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, Нұр-Сұлтан қаласы.
  • 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
Жаңарту күні: