Тауар декларациясының 31-ші «орамдар және тауар сипаттамасы» бағанын толтыру туралы

Тауар декларациясының 31-ші «орамдар және тауар сипаттамасы» бағанын толтыру туралы

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық қызметке қатысушылардың назарын Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы «Тауар декларациясының нысаны және оны толтыру тәртібі туралы» №257 шешімімен бекітілген  тауар декларацияларын (бұдан әрі – ТД) толтыру жөніндегі талаптарды сақтау қажеттілігіне аударады.

Тауар декларациясының 31-ші бағанын («орамдар және тауар сипаттамасы») толтыруға ерекше назар аудару қажет.

Бұл бағанға қойылатын талаптар мынадай мақсаттар үшін қажетті мәліметтерді (мәлімделген тауарларға, сондай-ақ жүк орындарына қатысты) ұсынуды міндеттейді: кеден органдары әкімшілендіретін кедендік және өзге де төлемдерді есептеу және өндіріп алу; ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану; тыйымдар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету; зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі кеден органдарының шараларын іске асыру; сондай-ақ тауарларды сәйкестендіру және оларға ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес бірыңғай он таңбалы сыныптау кодын тағайындау.

Осылайша, мемлекетке төленетін кедендік баждарды алу тауарлардың сипаттамаларына, олардың құнына, шығарылған еліне, қозғалыс бағытына және басқа да факторларға байланысты болады.

Осыған байланысты, 31-ші бағанда тауардың атауы (фирмалық, саудалық немесе басқа да қалыптасқан атауы) және өндіруші (дайындаушы) туралы деректер (мұндай ақпарат болған жағдайда), сондай-ақ тауар белгілері, брендтер, модельдер, артикулдар, сорттар, стандарттар және басқа да техникалық әрі коммерциялық сипаттамалар, сонымен қатар мәлімделген тауарлардың сандық және сапалық құрамы туралы ақпарат қамтылуы тиіс.

Сонымен қатар, тауарлардың сипаттамалары мен параметрлеріне қатысты ақпарат (оның ішінде кедендік баждар мен салықтарды есептеу үшін пайдаланылатын қосымша сипаттамалар мен параметрлер жіктеуішіне сәйкес) негізгі немесе қосымша өлшем бірлігінен (мөлшері мен белгіленуінен) өзгеше өлшем бірліктерінде, сондай-ақ тауарлардың шығарылған (дайындалған) күні көрсетілуге ​​тиіс.

Мемлекеттің экономикалық әл-ауқаты мен ішкі нарықты қорғау кедендік баждар мен салықтардың толық көлемде жиналуына байланысты екенін атап өткен жөн, осылайша түскен қаражат мемлекеттік қажеттіліктерді, бюджеттік бағдарламалар мен әлеуметтік төлемдерді қаржыландыруға жұмсалады.