ЖК қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату үшін мемлекеттік кіріс органдарына қандай құжаттарды ұсыну қажет?

ЖК қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату үшін мемлекеттік кіріс органдарына қандай құжаттарды ұсыну қажет?

Салық төлеушілердің назарына!

Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын түлға ретінде тіркеу есебінен шығаруды орындалмаған салық міндеттемелері болмаған кезде жүргізеді.

Дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде табыс етуге тиіс:

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш;

2)жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

3) таратудың салық есептілігі;

4) бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті (бар болса) қамтиды.

Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату камералдық бақылау жүргізілмей жүзеге асырылады.

Ол үшін ЖК келесідей шарттарға сәйкес келуі тиіс:

1) ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмау;

2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмау;

3)жекелеген қызмет түрлерін (бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру, бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу, темекі өнімдерін өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу, ойын бизнесі, тауарларды электрондық сату) жүзеге асырмау міндетті;

4)тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша салықтық тексерулер жоспарында немесе ішінара салықтық тексерулер тізімінде болмауға не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық кестесінде болмау тиіс;

5) салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің болмауы;

6) тәуекелдерді баскару жүйесі бойынша тәуекелдердін жоғары денгейі болмауы тиіс.

Бірінші әдіс:

Қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда дара кәсіпкер өзінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына бір мезгілде табыс етуі қажет:

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш;

2) таратудың салық есептілігі;

3)бақылау-касса машинасын (болған кезде) есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

Сондай-ақ қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті салық төлеушінің кабинеті арқылы онлайн беруге болады. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер төлеуші немесе салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша жасалады.

Содан кейін дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару жүргізіледі.

Екінші әдіс:

Егер күнтізбелік алпыс күн ішінде патент құнының кезекті есебі ұсынылмаса, патент бойынша жұмыс істейтін ЖК қызметін тоқтату оңайлатылған тәртіппен жүргізіледі:

-патенттің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап;

-қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталғаннан кейін.

Дара кәсіпкерді немесе жеке практикамен айналысатын тұлға тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат kgd.gov .kz «Электрондық сервистер/салық төлеушілерді іздеу» қосымша бетінде, сондай-ақ «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы үш жұмыс күні ішінде осындай салық төлеушілер тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап қарау және анықтау мүмкіндігі қарастырылған.