Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

Жарияланған күні: 28 желтоқсан 2020

ҚР ҚМ МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы!
🔴 Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабына сәйкес - лауазымды тұлғаға пара беру қылмыстық құқық бұзушылыққа жататынын ескертеді.
Пара беруді қалыпты құбылыс, әрі жеке мәселелерін шешудің қолжетімді әдісі ретінде қарайтындар жазасыз қалмайды.
Сыбайлас жемқорлық –ел экономикасының тұралауына әкеліп соғатын әлеуметтік індет.
Сондықтан, құрметті салық төлеуші ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сізден:
- салықтық және кедендік міндеттемелерді адал орындауды,пара ұсынбауды және де сыбайлас жемқорлық жағдайларын жариялауды сұрайды.
Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісі туралы тез арада Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің 71 80 05 сенім телефонына немесе ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, хабарлай аласыз.
ҚР ҚМ МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы!