Аяқ киім мен темекі өнімдерін сандық таңбалау

Жарияланған күні: 10 қараша 2021
Таңбалаудың мақсаты - таңбаланған тауарларды сатудан түсетін салық түсімдерін әкімшілендіру және ұлғайту.
Тауарларды таңбалау-жалған акцизделетін өнімнің көлеңкелі айналымын қысқарту жолымен адал өндірушілер (импорттаушылар) мен сатушылардың кірістерін ұлғайтуға мүмкіндік беретін тауарлардың қозғалысын қадағалау тетігі. Қазіргі уақытта таңбалаудың бірыңғай операторы "Қазақтелеком"АҚ болып табылады.
Жалпы, ҚР аумағында тауарларды міндетті таңбалау кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Бірінші кезеңде, яғни 2020 жылғы 1 қазаннан бастап мынадай міндеттемелер енгізілді: өндірушілер мен импорттаушылар өндірілген және импортталған темекі өнімдерінің таңбалау кодтарын жазып беруге міндетті; бөлшек сауда нүктелерінде темекі өнімдерін өткізу кезінде таңбалау коды "оқылуы" және БКМ чегінде ФДО-ға берілуі тиіс.
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылдың 01 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының аумағына таңбаланбаған аяқ киім шығаруға және әкелуге тыйым салынатынын еске салады.