Неліктен салық төлеу керек?
Жеке тұлғалардың салықтары (мүлік, көлік, жер) жергілікті бюджетке кетеді. Қалғаны мемлекеттік бюджетке түседі. Осыдан мектептер, балабақшалар, ауруханалар, құқық қорғау құрылымдары, әскерлер қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ Мемлекеттік бағдарламалар қаржыландырылады, дотациялар мен несиелер беріледі, мемлекетті басқару аппараты (мемлекеттік қызметшілердің жалақысы) ұсталады. Салық төлеушілердің ақшасына әлеуметтік нысандар мен аумақтарды салу және абаттандыру, зейнетақымен қамсыздандыру жүргізіледі.