Салық төлеушінің жеткізушілердің салық режимін қолдануы туралы мәліметтер қайда орналастырылады?

Сұрақ:

Салық төлеушінің жеткізушілердің салық режимін қолдануы туралы мәліметтер қайда орналастырылады?

Жауап:

Салық төлеушінің оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданудың басталған күні және (немесе) тоқтатылған күні туралы мәліметтер Комитеттің интернет- ресурсында орналастырылады (Салық кодексінің 43-бабы 3-тармағының 13) тармақшасы; Салық кодексінің 716-бабының 14-тармағы).

Сонымен қатар, Салық кодексінде әлеуметтік саладағы қызметтен алынған кірістерді осы қызметке бағыттау туралы шарттар көзделмеген.

Жарияланған күні

29 қазан 2026

Жаңарту күні

29 қазан 2026