Егер жеке тұлға басқа жеке тұлғаға пәтер сыйға тартса. Пәтер сыйға тарылған адамға ЖТС төлеу керек пе?

Жарияланған күні: 28 қазан 2026
Жаңарту күні: 28 қазан 2026
Көру саны:1
Сұрақ:
Егер жеке тұлға басқа жеке тұлғаға пәтер сыйға тартса. Пәтер сыйға тарылған адамға ЖТС төлеу керек пе?
Жауап:
Жеке тұлғаның басқа жеке тұлғадан өтеусіз негізде, оның ішінде сыйға тарту және мұрагерлік түрінде алған мүлкі (жұмыстар мен қызметтерді қоса) салық салу мақсатында жеке тұлғаның кірісі болып табылмайды, тиісінше ЖТС төлеудің қажеті жоқ.
Бұл ретте, бұл норма жеке кәсіпкер алған және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған мүлікке қолданылмайды.