Егер борышкер әлеуметтік осал санатқа (көпбалалы отбасыға) жататын, мүлкі мен ресми табысы жоқ, сондай-ақ жұмыссыз ретінде тіркелген болса, қаржы басқарушысына сыйақы бюджет қаражаты есебінен төленуге жата ма?

Сұрақ:

Егер борышкер әлеуметтік осал санатқа (көпбалалы отбасыға) жататын, мүлкі мен ресми табысы жоқ, сондай-ақ жұмыссыз ретінде тіркелген болса, қаржы басқарушысына сыйақы бюджет қаражаты есебінен төленуге жата ма?

Жауап:

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 44-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы басқарушысына сыйақы бюджет қаражаты есебінен төленеді, егер сот арқылы банкроттық рәсімін жүргізу барысында жиынтығында мынадай мән-жайлар анықталса:  1. борышкер Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын болса;

2. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес өндіріп алуға болатын мүлік болмаса.

Көрсетілген шарттар болған жағдайда уәкілетті орган сотта қорытынды есепті қарау кезінде тиісті өтінішхат береді.

Қаржы басқарушысына уәкілетті органның сыйақы төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 524 бұйрығымен бекітілген.

Осылайша, мүлкі жоқ көпбалалы анаға қаржы басқарушысының сыйақысы бюджет қаражаты есебінен төленеді.

Жарияланған күні

28 қазан 2026

Жаңарту күні

28 қазан 2026