Соттан тыс банкроттық рәсімі шеңберінде азамат банкрот деп танылғаннан кейін оның жұмысқа орналасуына, Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіне және жалақы алуына қатысты қандай да бір шектеулер белгіленген бе?

Көру саны:1
Сұрақ:
Соттан тыс банкроттық рәсімі шеңберінде азамат банкрот деп танылғаннан кейін оның жұмысқа орналасуына, Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіне және жалақы алуына қатысты қандай да бір шектеулер белгіленген бе?
Жауап:
Соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталған кезде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 19-бабында көзделген салдарлар туындайды. Банкротқа соттан тыс банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл ішінде қарыз берілмейді, сондай-ақ одан банктік қарыз және микрокредит беру шарттары бойынша кепіл, кепілдік және кепілгерлік түріндегі қамтамасыз ету қабылданбайды (Заңның 19-бабының 2 және 3-тармақтары).
Сонымен қатар, Заңның 48-бабының 2- тармағына сәйкес уәкілетті орган борышкер банкрот деп танылғаннан кейін үш жыл бойы банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.
Уәкілетті орган банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алғанын анықтаған жағдайда, қаржылық жағдай мониторингінің нәтижелерін кредиторларға жіберед. Кредиторлар уәкілетті органнан ақпарат алған жағдайда, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес борышкерді банкрот деп тану туралы шешімнің күшін жою және банкроттық рәсімін қайта бастау туралы сотқа жүгінуге құқылы.
Жоғарыда баяндалғандардан азаматтың банкрот деп танылуы оның кейіннен кәсіпкерлік қызметпен айналысуына, оның ішінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіне кедергі келтірмейтіні, сондай-ақ мұндай тұлғаның жұмысқа орналасуға және еңбек шартымен айқындалған мөлшерде еңбек ақы алуға құқығына шектеу қойылмайтыны туындайды.