Банкроттық туралы өтініш бергенімізге 6 айдан астам уақыт өтті, бірақ әлі шешім шыққан жоқ. Qoldau порталынан өтінішті немесе шешімді қай жерден табуға болады? 6 ай бұрын өтініштің қаралу үстінде екені туралы SMS хабарлама келген еді, бірақ қазір шешімді таба алмай отырмыз.

Сұрақ:

Жауап:

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 17- бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті органның соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі борышкер туралы мәліметтер «электрондық үкімет» веб- порталына орналастырылған күннен бастап алты айды құрайды. Өтініштің мәртебесі, банкроттық рәсімін қолдану, аяқтау немесе қолданудан бас тарту туралы қабылданған шешім, сондай-ақ қабылданған шешімнің негіздері туралы ақпарат eGov.kz веб- порталындағы жеке кабинетте, сондайақ Tazalau (Qoldau) порталында қолжетімді. 

Жарияланған күні

27 қазан 2026

Жаңарту күні

27 қазан 2026