Банкрот деп танылғаннан кейін 3 жыл өткен соң банкроттықтың күші жойылса, оның негіздерін қайдан көруге болады?

Сұрақ:

Банкрот деп танылғаннан кейін 3 жыл өткен соң банкроттықтың күші жойылса, оның негіздерін қайдан көруге болады?

Жауап:

Банкрот деп танылған тұлғаның қаржылық жағдайын мониторингтеуді уәкілетті орган борышкер банкрот деп танылғаннан кейін үш жыл ішінде жүргізеді.
Кредиторлар уәкілетті органнан ақпарат алған кезде Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес борышкерді банкрот деп тануды жою және банкроттық рәсімін қайта бастау туралы сотқа жүгінуге құқылы.  Заңның 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында және «цифрлық үкімет» веб-порталында:

1) соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін;

2) тиісті сот ұйғарымдары мен шешімдері заңды күшіне енген азаматтардың тізімін орналастырады.

   Өтініштің мәртебесі, банкроттық рәсімін қолдану, аяқтау немесе қолданудан бас тарту туралы қабылданған шешім, сондай-ақ қабылданған шешімнің негіздері туралы ақпарат eGov.kz веб- порталындағы жеке кабинетте, сондайақ Tazalau (Qoldau) порталында қолжетімді.

Жарияланған күні

23 қазан 2026

Жаңарту күні

23 қазан 2026