Жеке тұлғаның банкроттығы бойынша бас тарту себебін және (немесе) шешімді қайдан көруге болады?

Сұрақ:

Жеке тұлғаның банкроттығы бойынша бас тарту себебін және (немесе) шешімді қайдан көруге болады?

Жауап:

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 47-бабы 1- тармағының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган өзінің интернет - ресурсында және «цифрлық үкімет» веб- порталында:

1) соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін;

2) заңды күшіне енген тиісті сот ұйғарымдары мен шешімдері шығарылған азаматтардың тізімін орналастырады.                                                                                                         Банкроттық туралы өтініштің мәртебесі, банкроттық рәсімін қолдану, аяқтау немесе қолданудан бас тарту туралы шешім, сондай-ақ қабылданған шешімнің негіздері туралы ақпаратты eGov.kz веб - порталындағы жеке кабинеттен, сондай-ақ Tazalau (Qoldau) порталынан алуға болады.

Осылайша, банкроттық туралы өтініш бойынша ақпаратпен жоғарыда көрсетілген электрондық жүйелер арқылы танысуға болады.

Жарияланған күні

23 қазан 2026

Жаңарту күні

23 қазан 2026