Мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғамын және Е-salyq Business қосымшасындағы «Салық әмияны» арқылы салық төледім. Неліктен әлеуметтік төлемдер өтелмеді?

Жарияланған күні: 21 қазан 2026
Жаңарту күні: 21 қазан 2026
Көру саны:1
Сұрақ:
Мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғамын және Е-salyq Business қосымшасындағы «Салық әмияны» арқылы салық төледім. Неліктен әлеуметтік төлемдер өтелмеді?
Жауап:
E-Salyq Business мобильді қосымшасындағы «Салық әмияны» тек жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуге арналған. Бұл ретте аталған мобильді қосымша төлем жүйесі болып табылмайды.
«Салық әмиянын» толықтырған кезде қаражат 107109 БСК-ға есептеледі және тек ЖТС бойынша берешекті өтеуге пайдаланылады.
Әлеуметтік төлемдерді банктердің мобильді қосымшалары немесе «Қазпошта» АҚ арқылы дербес төлеу қажет.