Қандай жағдайларда бейрезиденттің Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі тұрақты мекеменің құрылуына әкеледі?

Сұрақ:

Қандай жағдайларда бейрезиденттің Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі тұрақты мекеменің құрылуына әкеледі?

Жауап:

Қазақстан Республикасының аумағында бейрезиденттің қызметті жүзеге асыруы:
1) тұрақты қызмет орны болған;
2) бейрезидент жалдаған қызметкерлер немесе өзге де персонал арқылы қызметтер көрсеткен, жұмыстарды орындаған;              3) бейрезидент тәуелді агент арқылы қызметін жүзеге асырған;
4) бейрезидент бірлескен қызметті жүзеге асырған жағдайда бейрезидент тұрақты мекеме құрады.
Халықаралық шарт болған кезде, тұрақты мекеме осындай халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес айқындалады.

Жарияланған күні

20 қазан 2026

Жаңарту күні

20 қазан 2026