СОТТАН ТЫС БАНКРОТТЫҚ: БАНК ШОТТАРЫНА ҚОЙЫЛҒАН БҰҒАТТАУ ҚАШАН АЛЫНАДЫ?

Егер азамат eGov.kz порталы арқылы соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініш берсе, банк шоттарына қойылған бұғаттаулар мен шектеулер бірден алынбайды.

 Заңнамада не көзделген?

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 17-бабына сәйкес:

▪️ Банкроттық рәсімі қолданылған күннен бастап рәсімге жататын кредиторлардың талаптары бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.

▪️ Борышкердің банк шоттарындағы ақшаны өндіріп алуға заңда белгіленген шектеулер қолданылады.

▪️ Бұрын қойылған аресттер мен бұғаттаулар автоматты түрде бірден алынбайды.

 Бұғаттаулар қашан алынады?

Соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталып, азамат банкрот деп танылғаннан кейін банк шоттарына қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі заңнамаға сәйкес шешіледі.

Егер арест алынбаса, азамат жеке сот орындаушысына жүгініп, шектеулерді алып тастауды талап ете алады.

 Маңызды!

Соттан тыс банкроттық рәсімі барлық берешекті есептен шығармайды. Алимент және өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу сияқты заңда көзделген міндеттемелер сақталады.

 Өтінішті eGov.kz, eGov Mobile немесе e-Salyq Azamat арқылы беруге болады.

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға банкроттық рәсіміне өтініш бермес бұрын заңнама талаптарын мұқият зерделеуді ұсынады.