2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспарының орындалуы туралы ақпарат
Көру саны:2
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспары 102% деңгейінде орындалды. Бекітілген жоспар 572,0 млрд теңгені құраса, нақты түсімдер 583,0 млрд теңге болып, жоспардан 11,0 млрд теңге артық орындалды. 2025 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда түсімдер көлемі 145%-ға өсіп, абсолюттік мәнде 181,7 млрд теңгеге артты.
- Республикалық бюджет
Республикалық бюджетке түсімдер жоспары 100,8% деңгейінде орындалды. Жоспар 475,8 млрд теңге болса, нақты түсім 479,6 млрд теңгені құрап, жоспар 3,7 млрд теңгеге артық орындалды.
2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдер 160 %-ға өсіп, 180,1 млрд теңгеге артты.
- Жергілікті бюджет
Жергілікті салықтар бойынша жоспардың орындалуы 107,6% деңгейінде қамтамасыз етілді. Жоспарланған 96,2 млрд теңгенің орнына 103,4 млрд теңге түсіп, жоспар 7,3 млрд теңгеге артық орындалды.
2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 102%-ды құрап, түсім 1,6 млрд теңгеге артты.
21 қазан 2026
21 қазан 2026