«Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» № 433-НҚ бұйрыққа енгізілген өзгерістер туралы
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 268-НҚ бұйрығымен бекітілген Сәйкестікті бағалау қағидаларына енгізілген түзетулер күшіне енетінін хабарлайды. Жаңашылдықтар кәсіпкерлер үшін рәсімдерді жеңілдетуге және сынақтардың дұрыстығын бақылауды күшейтуге бағытталған.
1. Өнімді қашықтан сәйкестендіру. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар (СРО) тауарларды сәйкестендіруді қашықтан жүргізу құқығына ие болды.
2. Сәйкестендіру актісін қайта қолдану. Бір рет ресімделген сәйкестендіру актісін оның бүкіл қолданылу мерзімі ішінде қайта қолдануға болады — әрбір жаңа партия үшін рәсімді қайта жүргізу талап етілмейді.
3. Ақылы түсіндірмелерді жою. Өнімнің сәйкестігін міндетті растауға жататыны немесе жатпайтыны туралы ақылы түсіндірме алу үшін СРО-ға жүгіну рәсімі жойылды.
4. Көлік құралдары бойынша нақтылаулар. Қағидаларға «дара көлік құралы» ұғымы енгізілді және оны бағалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары егжей-тегжейлі нақтыланды.
5. Құжаттарды қайта ресімдеу. Қолданыстағы сертификаттар мен декларацияларды қайта ресімдеудің негіздері мен тәртібі нақты регламенттелді.
6. Зертханаларды бақылауды күшейту. Сынақ зертханаларының қызметіне және берілетін сынақ хаттамаларының дұрыстығына бақылау қатаңдатылды.
7
20 қараша 2026 11:50
20 қараша 2026