
Білім және денсаулық сақтау саласы бойынша
Кеңгір ауылдық округінің білім беру саласы екі мектепті құрайды: 1- жалпы орта білім беру, 1 – Негізгі.
№ 2 Кеңгір орта мектебінде – 422 оқушы, Теректі негізгі мектебінде – 63 оқушыны білім алады.
Кеңгір ауылындағы мектепке дейінгі балалардың оның ішінде: 2 жастан 3 жасқа дейінгі 20 бала "Айгөлек" шағын орталығына, 3 жастан жоғары 20 бала "Балапан" шағын орталығына барады. Мектеп алды даярлық сыныптарында 37 бала оқиды.
2021 жылы «Кеңгір селосының №2 мектебі» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс», Жезқазған қаласының 70 жылдығына «70 игі іс» акциясы аясында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын насихаттау мақсатында «Асыл мұра-аманат» атты өлкетану мұражайы ашылды. Мұражайдың негізгі мақсаты: білімалушылардың азаматтық және патриоттық қасиеттерін қалыптастыру, тарихи мұраны терең меңгерту, олардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-өрісін кеңейту.
Биыл Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толды. Осы мереке қарсаңына орай селомыздың мектебінің тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Аяшева Гулмайра Шаяхметқызы төс белгісімен марапатталды.
Мектеп оқушылары Алмасов Самир, Байғали Аружан ҚР Президентінің Жаңа жылдық сыйлығын алды.
Ауылымызда 1 емхана филиалы орналасқан. Емханада 1 жалпы тәжірибелік дәрігер, 2 медбике жұмыс атқарады. Теректі, Қорғанбай, Түйемойнақ ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пунктер жұмыс істейді.
Коронавирус пандемиясына байланысты елімізде вакцинация алу процессі 2021 жылғы 1 ақпанда басталды. КВИ-қарсы («Sputnik V»), («QazVac»), Hayat-Vax вакциналары кең қолданысқа енді. Жер бетін жайлаған індетті жеңудің ең тиімді жолы ол вакцинация алу. Жаппай екпе алу арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, COVID-19 пандемиясына қарсы тұра аламыз. Екпе алудың тиімділігі туралы тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізілді. Село бойынша 1161 тұрғын емханада тіркелген. КВИ-ге қарсы вакцинаны 994 тұрғын алды.
Мәдениет саласы бойынша
Кеңгір мәдениет үйі барлық атаулы және кәсібіи мерекелерді арнайы іс-шараларға байланысты өткізді. «Алғыс айту парызың», «Ана –өмір гүлі», «Шежіреңді білесің бе», «Қош келдің, әз Наурыз» атты іс-шаралар өткізілді.
Окрургтегі барлық кітапханалар - ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетеді жыл сайынғы іс-шаралар жоспарланып, бірқатары еліміздегі жағдайға байланысты онлайн-режімінде өткізілді. Кеңгір селосының №5 үлгілі кітапхана филиалының кітапханашысы Смағұлова Назира Тілеубайқызы Қарағанды облысы әкімінің "Ауылдың үздік кітапханашысы" номинациясымен марапатталды.
Қарттар күніне орай өткізілген «Әуені әсем әжелер» атты фестивальға «Өркен» үйірмесінің ақ әжелері қатысып, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары А.Қайырбектің алғыс хатымен марапатталды.