Алматы облысы «Кеген ауданы Жалағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары жөніндегі
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Жалағаш ауылы 10.09.2026 жыл
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Алматы облысы «Кеген ауданы Жалағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі – ауылдық округ әкімінің аппараты) ауылдық округ әкімінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі №43 ө-н/қ өкімі негізінде 2026 жылдың 15-23 маусым аралығында жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ішкі талдау жұмыстарын жүргізді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жалпы кезең 2026 жылғы 6 ай болып айқындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 Жарлығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидалары» бойынша талдау төмендегі бағыттар арқылы жүзеге асырылды:
АППАРАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Кеген ауданының «Жалаңаш ауылдық округі әкімінің аппараты» өз жұмысын төмендегі заңдарға сүйене отырып жүзеге асырады:
- «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;
- «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы;
- Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен қызметтік мінез-құлық ережелері;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы;
- ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
- ҚР Азаматтық кодексі;
- ҚР Жер кодексі;
- ҚР Еңбек кодексі;
- «Жалаңаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі.
1. Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:
2026 жылдың 6 айында округ әкімі негізгі міндеттерге қатысты 26 шешім, негізгі жұмыс бойынша 42 өкім, жеке құрамға байланысты 30 өкім шығарды.
Өкімдер “E-Kyzmet” жүйесіне уақытында енгізілді.
Есепті кезеңде прокуратура тарапынан шешімдер мен өкімдерді жою туралы наразылық тіркелмеді.
2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
Аппарат қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу, уақытылы сапалы және орындалуын қадағалау бойынша жұмыстар бас маман Бердіғұл Әлішерге бекітілген. Кеген ауданы “Жалағаш ауылдық округі әкімі аппараты” мемлкекттік мекемесі 01.01.2026–23.06.2026 аралығындағы құжаттар туралы мәлімет:
Жеке қабылдауда – 19 өтініш. Олардың ішінде:
• Ауыл аманаты – 3
• Жұмыспен қамту – 8
• Отын мәселесі – 2
• Үй құжаттары – 5
• Атаулы әлеуметтік көмек – 1
Барлығы түсіндіріліп, қанағаттандырылды.
Е-өтініш арқылы – 22 өтініш. Барлығы қанағаттандырылып, тиісті шешім қабылданды.
Заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.
Кіріс құжаттары (қағазтүрінде)-108: Документолг бойынша (электронды форматта) 15-хат.
Шығыс құжаттары (қағаз түрінде)-178: Документолг бойынша(электронды форматта) 10-хат.
Аудан әкімінің және ауылдық округ әкімінің сайтына тұрғындар тарапынан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.
1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
«Жалаңаш ауылдық округі әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер
тізіліміне сәйкес 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Көрсетілген қызметтер саны-19, барлығы-19.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде -0.
«Елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет -0.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб порталы арқылы -19.
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу -19.
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет-0
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту-27.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым келіп түспеді.
2026 жылдың 6 айында мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес көрсетілген қызметтердің жалпы саны - 1. Мемлекеттік қызметтің бұл түрлері бойынша өтініш берушілерден шағымдар түскен жоқ.
Қағаз нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-0.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат бар стендтер ілінген. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округте тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша округ әкімінің аппараты тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушілер мен Мемлекеттік корпорация орналасқан жерлерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастыру арқылы ұсынылады.
4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Есептік кезеңде округ әкімі аппаратының мамандары Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.
Ұсыным: қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл кемінде жарты жылда бір рет уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі
Есепті кезеңде әдеп нормаларын бұзу жағдайы тіркелмеді.
5. Персоналды басқару, кадр қозғалысы
Кеген ауданы “Жалағаш ауылдық округі әкімі аппараты” мемлкекттік мекемесінің штат саны-6 адамды құрайды. Оның ішінде:
• Әкім – 1
• Құрылымдық бөлімінің басшысы – 1
• Бас мамандар – 4
2026 жылы талдау кезеңінде әкім аппаратының қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық немесе қызметтік теріс қылық фактілері анықталған жоқ.
Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтар толық, қайталанатын міндеттер жоқ.
Округ әкімі аппаратының қызметшілерінің қатарынан лауазымын төмендету фактілері орын алған жоқ.
Округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне демалыс беру Еңбек кодексіне және Мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес беріледі.
Мемлекеттік қызметке азаматтарды қабылдау болмады.
5. Есепті кезеңде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Жоғарыда айтылғанның негізінде «Жалағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне келесі ұсыныстар беріледі:
1. «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс» талаптарын сақтау және өтініштерді қарауға қатысты семинар өткізу;
2. Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту.