Мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі

Мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі

Кеген ауданы «Шырғанақ ауылдық округі әкімі аппарты» мемлекеттік мекемесінде 01 қараша 2023 жылы мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі өтті. Жәрменкенің мақсаты қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу, өтініштерді электронды түрде беру және электронды үкімет порталы арқылы алынатын анықтамаларды алу жолдарын түсіндіру. Бүгінде аудан орталығына бармай ауылдық әкімшілік ғимаратынан "Өзіне - өзі қызмет көрсету" бұрышынан қажетті анықтамаларды алу, жер учаскесін алу үшін кезекке қалай тұру керек, электронды өтініштерді қалай беру керек жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Оқиға күні

01 қараша 2023

Өткізу орны

Аппарат акима Шырганакского сельского округа

Оқиға түрі

Жәрмеңке