Тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын экономикалық талдау басқармасының бас сарапшысы (жобалық менеджер) (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңінде 09.10.2023ж. дейін), С-4 санаты, 1 бірлік.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Жерге орналастыру
- Информатика
- Құқықтану
- Сәулет
- Аймақтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Жылу энергетикасы
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Кадастр
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуына бақылау мен мониторингті жүзеге асыру. Тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша әдістемелік түсіндірулерді жүзеге асыру. Үкімет отырыстарына, Министрлік пен комитет отырыстарына материалдар (презентациялар, баяндамалар, анықтамалар) дайындау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің тапсырмалары мен нормативтік-құқықтық актілерін орындау. Жобалық менеджмент бойынша құжаттаманы жүргізу, жұмыс жоспарына сәйкес жобаларды іске асыру туралы ақпаратты жинау және жинақтау және жобалық топтарға қатысушылардың жұмысын үйлестіру. Жобалардың тұсаукесерін әзірлеу, ақпаратты талдауды дайындау. Басшылықтың тапсырмасы бойынша құжаттардың уақтылы дайындалуын қамтамасыз ету, оның ішінде депутаттық сауалдарға, мемлекеттік органдардың хаттарына, жеке және заңды тұлғалардың, үкіметтік емес ұйымдардың өтініштеріне жауаптар дайындау. Қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жүзеге асыру. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу; жетекшілік ететін жұмыс бағыты бойынша жұмыс бойынша ақпараттық, талдамалық, анықтамалық материалдар мен есептерді, жоспарларды дайындау. Комитет басшылығы жүктеген өзге де функцияларды орындау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.09.2022
- пр. Кабанбай батыра, 32/1онлайн
-
983432