Жобалық жұмыстар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Сәулет
  • Экономика
  • Геодезия және картография
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы
  • Қаржы
  • Гидротехникалық құрылыс және ғимарат

Функционалды міндеттер

Экономиканың әртүрлі салаларының үлгілік жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру: салалық министрліктер мен ведомстволардан үлгілік жобаларды әзірлеуге өтінімдерді жинау, жоспарлы кезеңге бюджеттік өтінімді қалыптастыру. Үлгілік жобаларды тексеру және қайта қолдануға арналған тізбеге енгізу мәселелері бойынша жұмыс тобы шеңберінде үлгілік жобаларды қолдану және жобаларды қайта қолдану бойынша жобалау ұйымдарымен жұмысты ұйымдастыру, бұрын әзірленген жеке жобаларды қайта қолдануға қатысты сұрау салуларды қарау, басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. ҚР Президенті мен Үкіметінің, Министрліктің және Комитеттің тапсырмалары мен актілерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу; жетекшілік ететін жұмыс бағыты бойынша жұмыс бойынша ақпараттық, талдамалық, анықтамалық материалдар мен есептерді, жоспарларды дайындау. Мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын және Комитет бекітетін объектілердің құрылысына, оның ішінде көліктік және гидротехникалық құрылысқа арналған жобаларға техникалық сараптама жүргізуге байланысты жұмыстар кешенін қамтамасыз ету. Жыл сайынғы бюджеттік жоспарлау бөлігінде, үлгілік жобаларды әзірлеу бойынша жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруда құжаттамаларды дайындау, бюджеттік бағдарламалардың, бағдарламалық құжаттардың орындалуы, басқарманың жұмысы және т.б. туралы есептер мен ақпараттарды дайындау. Энергетиқалық, оның ішінде жылумен жабдықтау және жылумен қамтамасыз ету объектілерінің үлгілік жобаларын әзірлеу. Объектілердің құрылысына, оның ішінде көліктік және гидротехникалық құрылысқа үлгілік жобалар мен жобаларды әзірлеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға консультациялық көмек ұйымдастыру. Жобалау ұйымдары қызметінің мониторингін ұйымдастыру, бекітілген және мемлекеттік сараптамадан өткен ТЭН және ЖСҚ жобаларының тізілімін жүргізу, жобалау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жобалау мәселелері бойынша ақпараттық және консультациялық қолдауды қамтамасыз ету. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет пен Министрлік басшылығының қатысуымен өтетін кеңестерге материалдар дайындау

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.09.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.09.2022 – 09.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

13.09.2022

Сұхбаттасу орны

Кабанбай батыра 32/1 (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

983-432