Техникалық реттеу және нормалау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Сәулет
- Экономика
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Көлік құрылысы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу бөлігінде республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді және тақырыптық жоспарларды қалыптастыру; мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес конкурстық және шарттық құжаттарды дайындау; құрылыс саласында нормативтік базаны реформалау мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын, еуропалық нормалар мен стандарттарға сәйкестендірілген нормативтік-техникалық құжаттар жобаларын әзірлеу мен қарауға; бюджеттік бағдарламаның іске асыру барысы мен бөлінген қаражатты игеруді бақылауды жүзеге асыруға қатысу; Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері жобаларының, сондай-ақ ЕурАзЭҚ шеңберінде әзірленудегі жобаларды қарау және әзірлеуге қатысу; жобалық және техникалық шешімдерді, жобалауға арналған арнайы техникалық талаптарды қарау; құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының энергия үнемділігін арттыру бөлігінденормативтік техникалық құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау және талдау; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау; халықаралық тәжірибе жинақтау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу және талдау жүргізу; жаңа құрылыс нормаларын, еуропалық нормаларға сәйкестендіру бойынша жұмыстар үшін құрылыс саласында кадрларды дайындау және біліктіліктерін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру; ТИМСО (BIM-технологиялары) ендіру; Қазақстан Республикасының аумағында Еурокодтарға сәйкестендірілген жаңа ережелер жинағын қолдануға мониторинг жүргізу және ақпарат әзірлеу; Құрылыс материалдары, өнімдері және құрылымдары тізбесін қалыптастыру; депутаттар сауалдарына, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, мемлекеттік органдардың хаттарына жауаптар дайындау; техникалық кеңестер, семинарлар мен конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізуді ұйымдастыру және қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Министрлік, Комитет басшылығының тапсырмаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 20.03.2020
- Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан, 010000, г.Астана, ул. Мәңгілік Ел, д.8, подъезд №10
-
(87172) 74-27-10